Денсаулық сақтау министрлігі уланған су жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу, ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау туралы ақпарат тараған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Министрлік азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында жарияланатын ақпаратқа сенуін сұрайды.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитар дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы ақпаратты барынша жедел таратады.

Барлық ақпарат ашық және қол жетімді.

Оқи отырыңыз: Жалған | COVID-19 бен 5G арасында байланыс бар


Factcheck.kz