Дағыстанда мобилизация тоқтатылды ма?

Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін бес күн өткен соң, интернетте мобилизацияны тоқтату туралы бұйрықтың суреті тарады. Құжатта Дағыстанның әскери қомиссарының қолы қойылған. «Проверено» фактчекерлері фотоны тексеріп көрді.

Құжат бірнеше басылымда жарияланған (мұнда, мұнда және мұнда).

Ресейдің әртүрлі аймағында мобилизацияға қарсы наразылық әскерге шақырудың бірінші күні, яғни 21 қыркүйекте басталды. Әсіресе, Дағыстандағы акциялар резонанс тудырды. Жаппай наразылықтарға жауап ретінде Дағыстанның әскери комиссары Дайтбег Мустафаев республикадағы мобилизацияны тоқтату туралы бұйрық шығарды-мыс. Оның бұйрығының фотосы желіде тез тарап кетті. Көптеген дереккөз мобилизацияның тоқтағаны туралы жазды. Ал 2022 жылғы 26 ​​қыркүйектегі сол құжаттың өзінде республикада азаматтардың мобилизацияға жеткілікті саны жиналғандықтан тоқтағаны жазылған.

Алайда ол күні Дағыстан билігінен мобилизацияның тоқтағаны туралы ресми мәлімдемелер болған жоқ. Керісінше, Дағыстан губернаторы Сергей Меликов өзінің Telegram-арнасында мобилация жұмысының жоспарға сай жүріп жатқанын және Ресей Федерациясының президентінің тапсырмалары орындалатынын жазды.

Оған қоса бұйрық мәтінінде техникалық және грамматикалық қате көп кездеседі. Мәселен, «г.Махачкала», «об приостановлении», «выполннением», «согласно приказа» тіркестері дұрыс жазылмаған. Айта кетейік, Дағыстан әскери комиссарының 21 қыркүйектегі «Мобилизацияны хабарлау туралы» түпнұсқа бұйрығында да қате бар — соңғы сөйлемдегі «тәуелсіз» сөзінің алдында үтір жоқ.

Дағыстанда мобилизация тоқтатылды ма?

Фейк құжатта тағы бір қате бар. Бұйрықтың төменгі жағындағы мөрге арналған орында міндетті түрде болуы қажет “Мөр орны” (М.О) деген жазу жоқ. Шамасы фейк бұйрық авторы тұпнұсқадан көшірген кезінде оны байқамай қалған.

Бір жерде қатенің көп болуы және Дағыстан шенеуніктері бұйрығының мәтініне қайшы келетін мәлімдемелер құжаттың фейк екенін көрсетеді.

Factcheck.kz