БҰҰ: босқындар саны 100 миллионнан асты

Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының (БҰҰ БЖКБ) мәліметінше, қарулы қақтығыс, қуғын-сүргін салдарынан босқын мәртебесін алған немесе ел ішінде қоныс аударған адам саны 100 миллионнан асты. Бұл туралы БҰҰ сайтында хабарланды.

Ұйым ақпаратына сай, 2021 жылдың соңына қарай Эфиопия, Буркина-Фасо, Мьянма, Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы және Ауғанстандағы жағдай ушыққан тұста соғыс, зорлық-зомбылық, адам құқығының бұзылуы салдарынан көшуге мәжбүр болған адам саны 90 миллионға жетті.

Бұған қоса, БҰҰ дерегінше, 2022 жылы Украинадағы жағдайға байланысты босқындар саны тағы 14 миллионға артқан; оның 8 миллионы Украинадан кетуге мәжбүр болған, ал 6 миллионы ел ішінде қоныс аударған.

Сонымен қатар, БҰҰ мәліметінше, қарулы қақтығыстарға байланысты баспана сұраған адам саны әлем халқының 1%-ін құрайды.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz