Белсенді Сәдуақасова 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Степногорлық белсенді Айя Сәдуақасова “көрінеу жалған ақпарат таратты” және “тыйым салынған ұйымға қатысты” деген айыппен үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросына сілтеп, “Медиазона” сайты хабарлады.

Құқық қорғаушылар Сәдуақасоваға “қаңтардағы тәртіпсіздіктерді басу әдістері туралы жазған аудиохабарламасында фейк таратты” деген күдік тағылғанын айтты.

Ал тінтуден кейін “белсендінің ноутбугінде тыйым салынған ҚДТ және «Көше партиясы» ұйымдарының қызметіне қатысу белгілері бар” деп күдіктеліп, екінші айып тағылған.

Контекст

  • Бюро дерегінше, құқық қорғаушылар жергілікті белсенділерге қарсы қозғалған қылмыстық істі Степногорск билігінің қаланы “бұрынғы ұйқышыл күйіне” қайтару әрекеті деп санайды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, азаматтардың кез келген әрекеті “тұрақтылыққа” қарсы қауіп ретінде қабылданады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz