Астанада полицейлер бурят журналисін ұстады

Ресейлік журналист Евгения Балтатарованы 30 қыркүйекте Астанада полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Е. Балтатарованың өз сөзіне қарағанда, полиция оны Астанадағы адам құқығы бюросынан шығып келе жатқанда ұстаған. Журналист Ресейде “ресейлік әскер туралы жалған ақпарат таратты” деген күдікке ілінген.

Мені Астанада 207.3-баптың 2-бөлімі бойынша, Ресей қарулы күштерінің беделін түсірді деген бапқа сай халықаралық іздеуде болғаным үшін ұстап әкетті.

Журналист Евгения Балтатарованың “Баба яга против” Telegram-арнасындағы жазбасы

Құқық қорғау органдары журналисті Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізген. Кейін босатқан, дегенмен елден кетуін сұраған.

Ресейлік журналист Евгения Балтатарова Қазақстанға жарты жыл бұрын жұмыс істеу үшін келгенін және әзірге өз еліне қайту ойында жоқ екенін айтты.

Менің ұсталғаным туралы ақпаратты таратуға көмектескен барлық адамға алғыс айтамын. Себебі осы резонанстың арқасында ғана олар мені жіберді. Ары қарай не болатынын білмеймін. Бірақ ол осы елдің заңы аясында Қазақстан полициясымен біріге жұмыс істеуге дайынмын. Елден кету туралы ұсыныстарға қарамастан, дәл қазір Қазақстанда қаламын, өйткені бұл жерде маған төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ деп ойлаймын. Жарты жыл бұрын мұнда жұмыс істей алатын және еркін ойлай алатын тыныш жер іздеп келдім. Осы пікірімде қаламын. Меніңше, полиция бәрін өздері реттеп алады. Қазақстан өз үйімдей болып кетті, ал оның азаматтары жақын достарыма айналды. Елімде тыныштық орнамайынша бұл жерден кеткім келмейді.

Журналист Евгения Балтатарованың “Баба яга против” Telegram-арнасындағы жазбасы
Factcheck.kz