Amnesty International Латвияны босқындарға қатыгездік танытты деп айыптады

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Латвия билігі Беларусь шекарасы арқылы елге өтпек болған босқындарға қатыгездік көрсетті деп айыптайтын баяндама жариялады.

Ұйымның құжатына сәйкес, Латвия билігі босқындар мен мигранттар, оның ішінде балаларды белгісіз жерлерде және латвиялық ормандарда күштеп ұстаған, ұрып-cоққан, жыныс мүшелерінен тоқпен ұрған. Сонымен бірге оларды Белорусьқа және өз елдеріне қайтуға мәжбүрлеген.

Латвия босқындар мен мигранттарға ауыр ультиматум қойды: еліңізге «өз еркіңізбен» оралуға келісіңіз не шекарада ұстауға, азаптауға және заңсыз қайтаруға келісіңіз. Кейбір жағдайда олардың шекарада ұсталуы жоғалумен тең болуы мүмкін.

Ева Гедди, Amnesty International ұйымының Еуропадағы өкілдігінің директоры

Алайда Латвияның сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич баяндаманы қатты сынға алды.

Amnesty International өзіне деген сенімді жоғалтты және бұл баяндама да құрметке ие болған құқыққорғау ұйымының сәтсіздікке ұшырағанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Латвия бұл жалған айыптауларды жоққа шығарады.

Эдгарс Ринкевич, Латвияның сыртқы істер министрі

Ұйымның Латвияға қатысты баяндамасы Беларусь, Польша және Литвадағы босқындар мен мигранттарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ұқсас есептерді толықтырады.

Factcheck.kz