Алматыда Украинаның тәуелсіздік күніне орай акция өтті

Алматыда Украинаның тәуелсіздік күніне арналған акция өтті. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі хабарлады.

ҚазТаг мәліметінше, он шақты белсенді Тарас Шевченко ескерткішінің алдына жиналды.

Акцияға қатысушылар Украина жалауын ұстап, соғысқа қарсы екенін айтқан. Полиция белсенділер әрекетіне еш қарсылық көрсетпеді.

Контекст

  • Бұдан бөлек, Украина Мәдениет және ақпарат саясаты министрлігінің хабарынша, ел тәуелсіздігіне орай еріктілер «Free World Gathering» акциясын өткізіп жатыр. Министрлік дерегінше, акция мақсаты — Украинадағы соғысқа назар аударту.
  • Бұған дейін 6 наурызда Алматы әкімдігінің рұқсатымен «Сарыарқа» кинотеатрының артында Украинаны қолдау акциясы өтті. Оған басында шамамен 300 адам жиналған. Артынша олардың саны бірнеше мыңға барды.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz