Алматыда COVID-19 жұқтыру ошағы туралы ақпарат – жалған

Алматы әкімдігі коронавирусты жұқтыру ошақтары туралы ақпаратты жалған деп атады. Бұл туралы Telegram StopCov Almaty каналы хабарлайды

Алматыда COVID-19 жұқтыру ошағы туралы ақпарат - жалған
©изображение с Telegram-канала StopCov Almaty

Бұған дейін мессенджерлерде қала аумағында жұқтырудың бес ошағы көрсетілген тізім таралды. Тізімде “Бағанашыл” және “Алтай-1” ықшам аудандары, Гоголь көшесінің екі қиылысы және Медеу ауданындағы “Сұңқар” тұрғын үй кешені бар. Сондай-ақ, тізімде вирус жұқтырған 12 тұрғынның мекен-жайы көрсетілген.

Сонымен қатар Алматыдағы “Сұңқар” тұрғын үй кешенінің (Медеу ауданы) бір тұрғыны вирус жұқтырғаны анықталғаны жайлы ақпарат тарады. Тұрғындарға кешеннен сыртқа шығуға, қонақ күтуге, жер асты паркингіне түсуге тыйым салынады. Хабарламада айтылғандай, тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін бір азық-түлік дүкені жұмыс істейді, онда карантин кезінде қажетті барлық заттар бар. Ал тұрғындар сырттан зат тапсырыс берсе, оларды тұрғын үй тұрғындары үшін белгіленген төрт БӨП-тің бірінде ала алады. “Сұңқар” ТК үшін карантин мерзімі 15 тәулік және қажет болған жағдайда карантин созылуы мүмкін.

Контекст

  • Жамбыл облысының полиция департаменті карантинде отырған алты баласы бар отбасы жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
Factcheck.kz