Карантиндегі отбасы: полиция фейкті жоққа шығарды

Жамбыл облысының полиция департаменті бірден екі жалған хабарды жоққа шығарды. Бұл туралы Polisia.kz ведомстволық ақпараттық порталы хабарлайды.

Тараған ақпараттың біріне сәйкес, коронавирус Мәскеуден Таразға ұшып келген әйелден табылды. Басқа хабарламада карантинге жабылған алты баласы бар отбасы туралы айтылған. Екі ақпарат та WhatsApp арқылы таратылды.

«Жамбыл облысы ІІД-де бұл ақпараттың жалған екенін растады. Полиция қызметкерлері азаматтарға жалған хабарлама таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге кеңес береді. Жалған ақпарат таратқаны үшін (кез келген жолмен: әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы) қылмыстық жауапкершілік белгіленген» дейді полиция қызметкерлері.

Factcheck.kz