Алматы полициясы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Алматы полициясы кредит амнистиясы туралы фейк тарату фактісі бойынша тергеуді бастады. Бұл туралы КазТАГ полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен халық арасында кредит амнистиясы және қарызды кешіру туралы фейк ақпаратты тарату фактісі бойынша өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта полиция департаментінің тергеу басқармасы көрінеу жалған мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР ҚК 274-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасы

Сонымен қатар, тәртіп сақшылар фейк ақпаратқа сенбеуге және тек ресми хабарламаларды бақылауға шақырды.

Бұдан бөлек, фейк ақпарат таратушы қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz