Ақылдаспаймыз: Францияның басылымдары президент Макронның сұхбатынан бас тартты

Екі аймақтық француз газеті президентпен сұхбаттасудан бас тартты. Еуропарламентке сайлау қарсаңында президент Эммануэль Макрон француз басылымдарын жинап, сұхбаттасуға ұсыныс білдірді. Алайда, Лиллядан La Voix du Nord және Британиядан Le Télégramme басылымдары Макронның жариялынымға дейін сұхбаттың соңғы нұсқасын көріп шығу өтінішінен соң сұхбаттан бас тартқан. Бұл жайлы MediaMedia телеграм-каналы америкалық басылым Columbia Journalism Review сілтеп жазды.

Лиллядағы газет үшін бұл бірінші жағдай емес. 2018 жылдың қаңтарында бас редактор Патрик Янкилевич твиттер парақшасында La Voix du Nord басылымы материалдың соңғы нұсқасына ақылдасып, мақұлдау үшін шенеуніктерге енді алдын ала жібермейтінін айтты.

Францияда саясаткерлерге сұхбаттың толық нұсқасын немесе үзіндісін мақұлдауға алдын ала жіберу дәстүрі бұрыннан бар. Мақала кейіпкерлері мәтінде түзеп қана қоймай, қойылмаған сұрақтарды қосып, оған жауап береді.

Баспасөз қызметі екі басылымның демаршына мәтінді алдын ала оқу талап емес, шенеунікке берілетін айрықша құқық деп жауап берді. Баспасөз қызметінің айтуынша басылымдар толық мәтіннен тіркестер мен фактілерді үзіп беріп, ыңғайсыз жағдайға қалады деп алаңдаулы.

 

Factcheck.kz