Ақтөбе облысының полиция департаменті мандарин мен апельсин жегеннен кейін балалардың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында желіде тараған жазбаны жоққа шығарды.
WhatsApp мессенджерінде Ақтөбеде апельсин мен мандарин жемістерінен балалар арасында өлім жағдайы орын алуда деген хабарлама таратылды. Ақтөбе облысы полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған хабарлама
Сонымен қатар, ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.