АҚШ Сенатының комитеті Ресейдің Украинадағы әрекетін “геноцид” деп таныды

7 желтоқсанда АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар комитеті Ресейдің Украинаға қарсы әрекетін “украин халқының геноциді” деп танитын қарар қабылдады. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Құжат Ресей Федерациясын Украинаға әскерімен басып кіргенде “Украина халқына қарсы геноцид жасағаны үшін” айыптайды.

Путин өз әрекетімен Украина халқын жоюды мақсат ететінін айқын көрсетті. Мен оның Ирпинде және Киев облысының басқа аудандарындағы қатыгездігінің дәлелдерін өз көзіммен көрдім.

Джим Риш, республикашыл сенатор.

Қарар авторларының бірі, демократ-сенатор Бен Кардиннің айтуынша, Путиннің заңсыз әрі себепсіз соғысында украиналықтарға қарсы жасалған қылмыстар көптеген халықаралық конвенция қағидасын бұзады, сол себепті оның бұл әрекетін “тек геноцид” деп сипаттауға болады.

Factcheck.kz