31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлыққа сәйкес, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде бекітілген.

Деректерге сай, 1921-1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың кінәсіз азамат қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілсе, басқалары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Ресми дерекке сай, 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның төрттен бірі ату жазасына кесілді. КСРО Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды.

Репрессияға ұшырағандар мен олардың отбасылары “арнайы еңбекпен түзеу мекемелеріне” қамалды. Мәселен, “АЛЖИР” — қуғын-сүргінге ұшырағандардың отбасы мүшелеріне арналған ең ірі ақмолалық лагерь; “Карлаг” — Қарағандыдағы еңбекпен түзеу мекемесі; “Степлаг” немесе “Дала лагері” — саяси тұтқындарға арналған Жезқазғандағы лагерь.

Бұдан бөлек, Қазақстанда 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Репрессияға ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz