Turkish Airlines компаниясы Донецкіні Ресейдің жері деп мойындады ма?

Тамыз айында әлеуметтік желі мен бірқатар медиада Түркияның Turkish Airlines әуе компаниясы Донецкіні Ресейдің бөлігі деп мойындады деген ақпарат тарады. Дәлел ретінде ұшақтағы жолаушылар мониторының экранындағы сурет келтірілген. Онда «Donetsk» деген белгімен картаның бір бөлігі көрсетілген, ал оң жағында қалалардың тізімі жазылып, Донецк Ресейдің құрамына енгізілген.

Turkish Airlines компаниясы Донецкіні Ресейдің жері деп мойындады ма?
Telegram-дағы жазбаның скрині

Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Біздің тексеруімізге сай, фото шынында Turkish Airlines компаниясына тиесілі ұшақтың бортында түсірілген болуы мүмкін. Дегенмен Украинаның Донецк қаласын Ресейдің құрамына енгізу жауапкершілігі бағдарламаны жасаушылардың мойнында, себебі осыған ұқсас жағдай басқа танымал әуе компаниясында да болды. Turkish Airlines компаниясы Донецкіні РФ бөлігі деп таныды делінген пікір жеткілікті деректерге негізделмеген және манипуляция болып тұр.

Толығырақ

Суретте Turkish Airlines деген логотип көрініп тұрған жоқ. Дегенмен біз Turkish Airlines-ке тиесілі Боинг 777 бортындағы сапардың видеошолуын таптық, суретті зерттей келе интерактив картадан олардың ұқсас тұстарын: интерфейс дизайны, қаріп, бағдарламалық терезенің ақ-көк түсте безендірілуі және қалалардың сары шаршымен белгіленгенін байқадық.

Turkish Airlines компаниясы Донецкіні Ресейдің жері деп мойындады ма?Turkish Airlines компаниясы Донецкіні Ресейдің жері деп мойындады ма?
Жаңалықтағы сурет пен Turkish Airlines әуе компаниясының ұшу кезіндегі шолу скриншотын салыстыру (2:25)

Сондай-ақ видеошолудың скриншотында картаның жоғары жағындағы оң жақ бұрышта глобус түріндегі белсенді емес батырма көрініп тұр. Осыған ұқсас логотипті тексеріп отырған суреттегі қалалар мен елдердің атауы жазылған мәзірдің фонынан байқадық.

Ары қарай, монитор орнатылған креслоның меланж қаптамасында қызыл және ақ түсті жіп бар. Turkish Airlines-тың Боинг 777 видеошолуында дәл сондай кресло қаптамасын көруге болады.

Осы деректерді салыстыра келе, біз Донецк бар картаның суреті шынында Turkish Airlines ұшағының бортында жасалған болуы ммүмкін деген тұжырымға келдік. Бірақ бізге ұшақтың үлгісі де, рейс нөмірі де, суреттің түсірілген уақыты да (суреттің метадеректері өшірілген) белгісіз – бұл тексеруді қиындатады, өйткені бір үлгідегі ұшақтардың жабдықталуы (тіпті бағыты бір болса да) әртүрлі. Оны Куала Лумпур — Стамбул Боинг 777 рейсінің екі шолуын (1, 2) салыстыра отырып байқауға болады (мониторлардың үлгісіне назар аударыңыз).

Тіпті Turkish Airlines интерактив картасында Донецк расында Ресейдің құрамына қосып жазылды деп топшаласақ та, бұл әуе компаниясының көзқарасы ма, әлде қате ме — белгісіз.

3 жыл бұрын дәл осындай олқылық Люфтганз әуе компаниясының картасында да анықталғанын таптық.

Люфтганзамен болған оқиға

 

Turkish Airlines компаниясы Донецкіні Ресейдің жері деп мойындады ма?
Twitter-дегі Алексей Макеев туитінің скриншоты

2019 жылдың 18 қарашасында украиналық дипломат Алексей Макеев өзінің Twitter-дегі аккаунтында Люфтганза әуе компаниясының Осака-Мюнхен рейсінде әріптестері байқаған қате туралы жазды. Макеев видео жүктеген, онда біз тексеріп отырған хабарламаға ұқсас интерактив карта мен локациялар тізімі бар. Тізімдегі қалалар саны мен елдімекендерді белгілеу үлгісінде айырмашылық бар, бағдарлама элементтерінің орналасуы мен түспен безендіруі, яғни ақ, көк, сары болуы — ұқсас.

Өзінің кезекті туитінде Алексей Макеев әуе компаниясынан қатені түзетуді сұрады. Ресейдің Ростов облысында, Украинамен шекараға жақын маңда шынында Донецк атты шағын қала бар, бірақ интерактив картада белгіленген қала — Украинаның Донецк облысындағы Донецк қаласы. Тарап кеткен суреттегі картаның бір бөлігінде осы қала көрініп тұр: қала белгіленген тұстан оңтүстікке қарай Азов теңізінің кескініне назар аударыңыз, ресейлік Донецк шығысқа қарай орналасқан және теңіздің ауқымы үлкен болғандықтан көрінбейтін еді.  

Turkish Airlines компаниясы Донецкіні Ресейдің жері деп мойындады ма?
Сол жақтағы картада шынында Донецк облысындағы Донецк бейнеленген, оң жақтағы картада екі Донецк те бар және олар Азов теңізінің орналасқан жерімен салыстырып көрсетілді.

Люфтганза әуе компаниясының өкілдері украиналық дипломатқа жауап беріп, кешірім сұрады. Сондай-ақ қатені бағдарламаны жасаған мамандар жібергенін айтып, жақын арада олқылықтың орны толып, карта жаңартылатынын жеткізді.

2019 жылғы Люфтганзаның интерактив картасының жұмыс істеу қағидаты мен дизайны біз зерттеп отырған суретпен ұқсас екенін ескеріп, Люфтганза мен Turkish Airlines бір өндірушінің бағдарламаларын пайдаланған деген болжамға тоқтаймыз. Қатеге солар жауапты. Десе де олқылық білместікпен жіберілді ме, әлде әдейі ме — белгісіз.

Тағы оқыңыз

Жазда желіде «Planes with Russians must crash» (Орыстары бар ұшақтар апатқа ұшырауы керек) деген жазуы бар жапсырманың суреттері пайда болды. Оны украиналықтар түрлі әуе компаниялардың ұшақтарына жабыстырған делінген. Ресейлік «Проверено» басылымы бұл суреттердің рас-өтірігін анықтады.

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz