Өзбекстанда халыққа тегін қой тарататыны рас па?

Соңғы күндері Қазақстандық медиа кеңістікте “Өзбекстан президенті халқына тегін қой таратуды бастады” деген сарында ақпарат таруда. Біздегі біраз халық бөлісіп, салыстырып жатыр. Factcheck.kz сайты осы орайда ақпаратты тексеріп көрді.

Өзбекстан президенті халқына тегін қой таратуды бастады.

Медиа

Үкім: Манипуляция

Өзбекстан президентінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, кооперация негізінде халыққа 350 мың қой және ешкі беруді қолға алып жатыр. Шавкат Мирзиёев 16 ақпанда мал шаруашылығын қолдау шаралары аясында жиналыс өткізіп, халықты жұмыспен қамту үшін осындай мәлімдеме жасады. Дегенмен, бұл мәлімдемесіне қарап “халыққа тегін қой таратуды бастады” деу – манипуляция.

Президент осы іс-шараға мемлекеттік бюджеттен 100 млн доллар бөлінетінін атап өтті. Әр саланың шенеуніктері облыс және аудан басшыларымен бірлесіп бір апта ішінде 67 ірі қой мен ешкі фермаларын құруы тиіс. Осы арқылы өңір басшылары мал шаруашылығы саласына жылына 150 мың адамды тартады деп күтілуде.

Контекст

  • Ресми статистикасы бойынша, Өзбекстанда 23 074 300 қой мен ешкі бар.
  • Өзбекстан қой саны жағынан әлемде 22-орында тұр.
  • Өзбекстан 2021 жылы 204,5 мың АҚШ долларына жалпы ет экспорттаған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz