Нашақорлықтан емдейтін вакцина жасалғаны рас па?

Instagram әлеуметтік желісіндегі 1,6 млн жазылушысы бар «kris_p_brothers_official» парақшасында нашақорлыққа қарсы вакцина пайда болғаны туралы ақпарат шықты. Автор жазба астында «Нашақорларды екпемен емдеуге болады» деген сөйлем қалдырған. Оқырман өтініші бойынша Factcheck.kz ақпараттың ақ-қарасын ажыратып көрді.

Үкім: манипуляция

Нашақорлықтан емдейтін вакцина туралы ақпарат біраз жылдан бері тарап жүр. Ғалымдардың еңбектері жөнінде ғылыми журналдарда, медиада жиі айтылғанымен практикада іске асып, айналымға шыққан вакцина туралы дерек әлі жоқ.

Мәтінге келер болсақ, атүсті жазылған: қай елдің ғалымдары жасады, қай журналда зерттеу шыққаны туралы факт жоқ. Оның үстіне осындай екпе этика және заң тұрғысынан проблематикалы, ал вакцина жасау процесінде түрлі қиындықтар туындауда.

АҚШ-тың Ұлттық нашақорлыққа қарсы институтының жазуынша, ғалымдар нашақорлыққа қарсы вакцинадан көп үміт күтіп отыр. Яғни, зерттеуден сәтті өткен вакцина нашаның миға жетуіне мүмкіндік бермей, оны «бұғаттайды». Екпе салдырған адам нашаны пайдаланғаннан ешқандай ләззат алмайды не жеңілдемейді, демек, оны қайта қолдануда мән қалмайды.

Біз қазіргі қолданыастағы вакцина туралы дерек таба аламадық, оның орынына көптеген зерттеулер мен медиадағы «вакцина жасаған» ғалымдар туралы ақпарат жиі ұшырасады. Өкініштісі, олардың әзірге еш ғылыми дәлелі не тиімділігі жөнінде ақпарат жоқ.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz