Манипуляция | Қазақстан адам саудасы бойынша әлемде 2-орында

21 қыркүйекте БАҚ-та Қазақстан адам саудасы бойынша әлемде екінші орында” деп жазды. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев онлайн брифингте айтқан. Ақпараттың рас-өтірігін бірге тексеріп көрейік.

Қазақстан рейтинг [адам саудасы – ред.] бойынша әлемде екінші орында.

Думан Таев, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы

Үкім: Манипулция

Адам саудасымен күрес және мониторинг бөлімінің 2020 жылғы есебінде Қазақстан екінші деңгейдегі мемлекеттер қатарына жатады. Бұл әлем бойынша екінші орында дегенді білдірмейді. Халықаралық көші-қон порталының дерегінше, әлемде адам саудасы туралы мәліметтердің негізгі дереккөздері анықталған құрбандар ұсынған ақпаратқа негізделеді. Қазіргі кезде адам саудасының таралуы туралы жаһандық немесе аймақтық болжамдар жоқ. Сонымен қатар, автор нақты қандай рейтингке сүйенгенін де айтпаған.

Аталған деректерді әртүрлі субъектілер, соның ішінде құрбандарға көмек көрсететін құқық қорғау, сот және үкіметтік емес ұйымдар жинайды.

Қазақстан 2-деңгейдегі мемлекеттер санатында. Неге?

АҚШ Мемлекеттік департаменті адам саудасының құрбандарын қорғау үшін заңдардың ең төменгі стандарттарын қалай сақтайтынына байланысты әлем елдерін бірнеше топқа бөлді.

Бірінші топқа (үкіметтері заң нормаларын толығымен сақтайтын елдер) 39 мемлекет, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Аргентина, Испания, Швеция, Швейцария, Австралия, Австрия, Чехия, Дания және т.б.

Екінші топқа (үкіметтері заңдық стандарттардың талаптарына толық сәйкес келмейтін, бірақ соған ұмтылатын елдер) 81 мемлекет кірді, соның ішінде Қазақстан, Украина, Латвия, Түркия, Греция және Ауғанстан және т.б..

Қазақстан үкіметі адам саудасын жоюдың минималды стандарттарын толығымен сақтамайды, бірақ бұның алдын алу үшін қылмыстық жазаны күшейтіп жатыр. Үкіметтік емес ұйымдар полицияның да адам саудасына қатысы бар екендігі туралы шағымдарды жариялап келеді. Полицияның немесе осы қылмысқа қатысы бар күдіктілердің, басқа да лауазымды тұлғаның үстінен жүргізгілген мемлекеттік тергеу, сот ісі аз. Осылайша, Қазақстан екінші деңгейдегі бақылау тізімінде екінші жыл қатарынан қалып тұр.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтынан

Үшінші топқа (стандарттарға сай болуға ұмтылатын елдер, бірақ оларда адам саудасының құрбандары көбейіп жатыр) 43 ел, соның ішінде Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ирак, Куба, Судан және т.б.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында да бұл туралы айтқан. Толығырақ төмендегі материалды оқуға кеңес береміз.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz