Журналистерді жан сақтауға үйрету

2014 жылы, менің ұлым Джеймс Райт Фоулиді ұрлап кеткеннен кейін екі жылдан соң, ол Сирияда штаттан тыс тілші болып жұмыс істеп жүрген кезде, Ислам мемлекеті оны азаптап өлтірді. Джимнің өлімі қауіпті аудандарда жаңалықтар хабарлау кезінде журналистерге  туындайтын төтенше қауіп–қатерді атап өтті және де оларды қорғау үшін неғұрлым батыл іс-қимыл қажеттілігін көрсетті.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша 80 журналист өлтірілді және жартысынан астамы нысанаға алынған болатын. Осы қылмыстардың көпшілігі қақтығыстар аймақтарында, әсіресе Ауғанстанда және Сирияда орын алғанымен, олардың жартысына жуығы Мексика, Үндістан және Америка Құрама Штаттары сияқты соғыс жағдайы жоқ елдерде орын алған, мысалы  олардың Аннаполис, Мериландтағы жаңалықтар бөліміне ер адам оқ жаудырған кезде төрт журналист өлтірілді.

Еуропада да журналистерге  қауіпсіз емес.

Словакияда 27 жасар Ян Кучяк өзінің үйінде әріптесі Мартин Кушнировамен бірге жоғары лауазымды шенеуніктер мен бизнесмендерге қатысты салық төлеуден жалтарғаны және алаяқтық жасағаны үшін айыптауларға зерттеу жүрізгеннен кейін өлтірілді.

Мүмкін, ең жарқын соңғы уақыттағы мысал – Джамаль Хашогги. Washington Post шолушысы және Сауд Арабия Үкіметінің көрнекті сыншысы Хашогги Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығына өзінің Түрік қалыңдығына үйленуге қажетті құжаттарды алып кеткісі келеді.  Одан соң көп ұзамай ол лагерьге кіргеннен кейін оны азаптап, өлтіріп, бөлшектеп тастады.

Журналистерге қатысты зорлық-зомбылықтың өсуіне байланысты үлкен жауапкершілікке шақыру да өте өзекті. Қазіргі кезде жазасыздық кең таралған, және үкіметтік шенеуніктердің немесе басқа да ықпалды тұлғалардың жиі қатысуы да мұнда ең соңғы себеп емес. Журналистерді тұтқындаған, түрмеге қамаған, азаптаған және өлтірген жауапты адамдарды жауапкершілікке тарту тиімді тежеуші факторды қалыптастыру үшін шешуші мәнге ие.

Бірақ жауапқа тартуды арттыру бойынша бір жұмыс жеткіліксіз; журналистердің қауіпсіздігін арттыру үшін қажетті қадамдар жасау қажет. Ең алдымен, бұл журналистердің – әсіресе, аса қауіп-қатерге ұшырайтын штаттан тыс және жергілікті журналистердің– ықтимал қауіпті репортаждарға қатысқан кезде өзін қорғау үшін білімі, дағдылары мен ресурстары бар болуын қамтамасыз етуді білдіреді.

Бұл “Қауіпсіздік Мәдениеті Альянсының” мақсаты. 2014 жылы – Джим және басқа да үш американдық журналистерді (Стивен Сотлофф, Мари Колвин және Люка Сомерс) қақтығыс аймақтарында өлтіргеннен кейін құрылған  – ACOS Альянсы бүкіл әлем бойынша штаттан тыс және жергілікті журналистер үшін қауіпсіз және жауапты журналистік тәжірибелерді қорғайтын бұқаралық ақпарат құралдарының, Баспасөз және Журналистер бостандығы ұйымдарының халықаралық коалициясы болып табылады.

ACOS альянсы жаңалықтар ұйымдары мен журналистерді  Штаттан тыс Журналистердің Қауіпсіздік Қағидаларын қабылдауға шақырады. Ұсынымдар тиісті медициналық сақтандыруды қамтамасыз етуді; дұшпандық немесе қауіпті жағдайларға сапар алдында қатерді мұқият бағалауды; және де сараптамалық ақпаратқа тұрақты қол жетімді болуын қамтамасыз етуді қамтиды. Сонымен қатар, қағидаттарда жаңалық ұйымдары “жергілікті журналистер мен фрилансерлерге олардың өз қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы сияқты қамқорлық көрсетуі тиіс” деп атап көрсетілген.

Джим отбасы ұлы өлтірілгеннен кейін бір айдан кейін құрған американдық коммерциялық емес ұйым – Джеймс У. Фоулидің Мұралық Қоры бүкіл әлемдегі журналистердің қауіпсіздігіне жәрдемдесу жөніндегі біздің миссия шеңберінде ACOS Альянсын қолдайды. Мысалы, қауіпсіздік принциптеріне сәйкес біз Қауіпті орта және Төтенше жағдайларда Алғашқы көмек көрсету (HEFAT) бойынша дайындық курстарының қол жетімділігін кеңейту бойынша жұмыс істейміз.

HEFAT  курстары фрилансерлер үшін өте қымбат болуы мүмкін болғандықтан, біз толық құнын жабатын гранттар ұсыну үшін ACOS серіктестерімен ынтымақтасып жұмыс жасаймыз. Біз HEFAT-ті аса қажет ететін журналистерге жеткізудің жасампаз жолын іздестіруді жалғастыруымыз керек.

Қорыта келе…

Бірақ қауіпсіздік техникасын оқыту қажеттілігі журналист қауіпті жағдайда тапсырма алғанға дейін пайда болады. Сондықтан да біздің қор Солтүстік-Батыс университетінің жанындағы Medill журналистика мектебімен әріптестікте журналистикада оқитын аспирант студенттерге өдерін қалай қорғау қажеттілігін оқытатын қауіпсіздік бойынша басшылық ережелерін әзірледі. Қазіргі уақытта біз Маркетт (Marquette) университетінің Дидерих  Коммуникация Колледжінде бакалавр журналистика студенттері үшін осыған ұқсас нұсқаулықты беруді қарастырып жатырмыз.

Бұл модульдер тек қақтығыс аймақтарында ғана емес, қауіпті емес жағдайларда да баяндамалар жүргізудің әлеуетті қауіптілігін анықтайды. Бұдан басқа, олар жас журналистерге субъектілермен сұхбаттан алудан бастап ақпарат көздерімен кездесулерге дейін бірқатар міндеттерді орындау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті тәуекелдерді бағалау және сандық қауіпсіздік дағдыларын  ұсынады. Осылайша, олар өз мансабын бастағанда, оларда қажетті сақтық шараларын қабылдау дағдысы болады. Журналистиканың барлық мектептері өздерінің оқу бағдарламаларына осындай модульдерді қосулары керек, сол арқылы олардың түлектері жаңалықтарды хабарлау кезінде  қауіпсіздікте қалатынына кепілдік береді.

Журналистер өмірлік маңызды қоғамдық қызмет көрсетеді, бірақ олар мұны істеу үшін өз өмірін құрбан етпеуі тиіс. Бүкіл әлем 2-қарашада Халықаралық Журналистерге қарсы жасалған Қылмыстарға Жазасыздықпен Күрес күнін атап өтіп қана қоймай, біз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ержүрек журналистер үшін әділдікке қол жеткізіп қана қоймай, қазіргі және болашақ журналистерге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды беруге тиіспіз.

Журналистерді жан сақтауға үйрету

Диана Фоули – Джеймс У.Фоулидің Мұралық қорының президенті және атқарушы директоры.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz