Осы материалмен Factcheck.kz «Байбектің бір жылы» жобасын жалғастырады, естеріңізде болса, бұл Алматы әкімінің осы қызметте отырған екінші жылы айтқан сөздерін тексеруді көздейтін шағын жоба.
Биылғы ақпан айында қалалықтармен есеп беру кездесуінде Бауыржан Байбек былай деді:
Басқа да ірі қалалар секілді Алматыда да шикізаттық емес экономика, мұнда экономиканың 80%-ы сауда және қызмет көрсету саласына тиесілі. Бұл қаланың тұрақты дамуына ықпал етеді.
Үкім: Шындық
Қала бюджетіне 2016 жылы түскен түсімдерді экономиканың секторларына бөлетін болсақ, қызмет көрсету және сауда саласына 83,3% тиесілі екенін аңғарамыз.
Инфографикада қала бюджетіне барлық субъекті бойынша түсімдер көрсетілген:
Қазақстан қалаларының көшбасшысы
Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіне сәйкес, Алматы еліміздегі ірі қалалардың көшбасшысы.
Зерттеу шағын және орта бизнесті жүргізудің негізгі көрсеткіштеріне сай жүргізілген болатын, атап айтқанда: кәсіпорындарды тіркеу, құрылыс жұмысын жүргізуге және электр желілеріне қосылуға рұқсат алу, жеке меншікті тіркеу бойынша.
Алматы – республикалық бюджеттің локомотиві
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы Алматы аймақтардың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша 1-орынға ие болған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.