Азия елдерінің билігі әлеуметтік желіні қалай бақылайды?

Әлеуметтік желілер – фейктердің таралуына “ыңғайлы орта”. Желіге бақылауды күшейтіп, өтірік ақпараттың таралуын азайтуға бола ма? Жалпы “фейк жаңалықтар” деген не өзі? Оңтүстік-батыс Азия елдерінің тәжірибесіне үңілейік.

Тайвань

Су Чи-черн Осакадағы Тайвань үкіметін басқарған. Былтыр қыркүйекте ол өзін-өзі өлтірді. Бұған Чи-чернге “25 жылдан бері болған ең ірі Джеби тайфунына байланысты Жапония әуежайында қалып қойған Тайвань туристеріне бей-жай қарады” деген айып себеп болған. Су Чи-черннің қазасынан соң билік оның көмекке көлік жіберуге тырысқанын, бірақ оған рұқсат берілмегенін айтты. Оған айтылған сын анонимді туристің жазбасына ғана (!) негізделген еді. Бұл қайғылы жағдайдан соң Тайвань билігі жалған ақпараттың тарауымен күресуге кірісті.

Тайвань – жалған, спекулятивті, әсірелейтін және зардабы бар деп танылған ақпарат қолжетімді болмайтындай ету үшін заң қабылдаған не қабылдағалы жатқан Оңтүстік-батыс Азиядағы жеті елдің бірі. Олар бұған АҚШ президенті Дональд Трамп сияқты “фейк жаңалықтар” деп ат қойған. “Бірақ дәстүрлі БАҚ-ты айыптай сөйлейтін” Трамптан бір ерекшелігі – Азия елдері сынаушылармен күресіп жатыр. Яғни, Азия елдерінің билігі әлеуметтік желідегі өз имидждеріне нұқсан келтіретін комментарийлерге назар аударады”, – дейді Банкгогтегі адам құқықтары ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы.

Билік өзіне жазыған критиканы “фейкті” жатқызып, 12 жыл бұрын қабылданған компьютерлік қылмыстар туралы актіні негізге алып, айтылған сынды жойып отырады.

Чулалонкорн университетінің профессоры Тxитинан Понсудxириктің айтуынша, әуелде бұл заң бойынша корольдік өкілдерін тілдегендерді жазалаған. Кейін заң билікті 2014 жылы әскерилер басып алғанда болған тартыс кезінде қолданылды. “Қазір мұндай қатаң ережелер ішкі цензураның күшеюіне әкелді”, — дейді ол.

Камбоджа

Комбоджада “фейк жаңалықтармен” күреске 2018 жылы құрылған арнаулы ведомствоаралық топ жауап береді. Топ қызметкерлері елдің қауіпсіздігіне, экономикасы мен xалықаралық қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттардың таралуын бақылайды. Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің профессоры Карл Тэйердің сөзінше, әлгі топ мемлекеттік имиджін нашарлатып, әлеуметтік тәртіпсіздікке әкеліп соқтыруы мүмкін ақпаратты “аңдиды”.

Камбоджаны 34 жылдан бері бір адам — Хун Сен басқарады. Ұлтшыл, маоистік көзқарастарымен белгілі ол бұрын “қызыл кxмерлер” коммунистік қозғалысының лидері болған. Хун Сен елді басқарған ұзақ мерзім ішінде өзін сынаған радио мен басылымдарды жапқан. Ендігі кезек президент қарсыластары пайдаланатын әлеуметтік медиаға жетті.

Вьетнам

2019 жылдың қаңтарында елде жаңа заң күшіне енді. Оған сәйкес, елдегі отандық және шетелдік интернет-провайдерлер қолданушылар жайлы ақпаратты билікке беруге міндетті. Билік мұндай заңның қабылдауын “фейк таратқандарды анықтау осылай жеңіл болады” деп түсіндірген. Жалған ақпарат таратқан адам түрмеге жабылуы мүмкін. Шетелдік медиагиганттарға да осы заң ықпал етті:  Facebook пен Google билік өтініші бойынша кез келген контент туралы ақпарат беріп, қажет болса оларды өшіруге міндеттеледі.

“Вьетнам билігі өз абыройына әлеуметтік желідегі xабарламалар нұқсан келтіреді” деп санайды. Олар xалық көтерілмеуі үшін заңдарды бірте-бірте қатаңдатуы да мүмкін”, – дейді Хо Ши Мин әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетіндегі xалықаралық қатынастар деканы Трун Нгуен. Билік қазірдің өзінде-ақ көршісі  Қытайдан “үлгі алып”, елдің негізгі медиақұралдарын бақылап, цензуралап отыр.

Қытай

2016 жылдан бері Пекин фейк құрастырып, таратуды заң жүзінде “экономикалық, әлеуметтік негіздерге зиян келтіретін” әрекет деп санай бастады. Бір жылдан соң ақпарат агенттіктеріне билік бекітпеген ұйымдардан ақпарат алуға тыйым салды. Контентті өзгертуге берілген рұқсатты да алып тастады. 2018 жылы тыйымдар микроблогтарға жетті: бұдан былай олар желіде тараған “өсек-өтірікті” анықтап, жоққа шығарып отыруы тиіс.

Былтыр 2018 жылы билік кез келген адам фейк туралы xабарлай алатын қосымшаны іске қосты. Reuters-тің xабарлауынша, қосымша дезинформацияны өзі анықтайтын жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді; Weibo мен WeChat желілерінде аккаунты бар.

Қорытынды

“Билік әлеуметтік желіні қатаң бақылап қана қоймай, кейбірі қарсыластарын тұқырту үшін өздері фейк таратады. Оппозиция өкілдері жайлы жалған ақпараттар билікке адал БАҚ-та жарияланады. Ары қарай әлеуметтік желідегі анонимді аккаунттар мен тролльдер әлгі адамды қаралауға кіріседі. Бұл боттар, әрине, билікке тиесілі , – дейді Джеймс Гомез.

Дегенмен смартфондар сатылымынына қарап-ақ әлеуметтік желі қолданушыларының саны тоқтаусыз өсіп барады деуге болады. Смартфондар саудасындағы ірі IDC компаниясының дерегінше, 2017 жылы Оңтүстік-батыс Азияға 100 миллионға тарта телефон кіргізілген. 2012 жылы бұл көрсеткіш 22,5 млн еді.

***

Материалда пайдаланылған деректер:

Думан Смақов
Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы