Ресей жалған ақпараттың дереккөз реестрін жасады

Роскомназдор  жалған ақпараттың дереккөзі мен авторларын ведомства сайтында жариялауға ниетті. Жаңа жоба жайлы ТАСС ақпараттық агентігіне федералды қызметтің басшысы Александр Жаров хабарлады.  

Сочида өткен БХФ «Шындық және әділдік» форумында Жаров «реестр [жалған ақпарат дереккөзі] көпшілікке қолжетімді болады, <…> дереккөз біздің сайтта жарияланады. Жалғаг ақпараттың жарияланған жеріді де, авторларының аты-жөнін де сол сайттан көре аласыз»  деп хабарлады.

Наурыздың 29-ы Ресейде фейк жаңалықтар және билікке тіл тигізу заңы қабылданды. Заңға президент Путин наурыздың 18-і қол қойды. Жалған ақпарат таратқаны үшін жеке тұлғаға 30 мың рубльден 100 мың рубльге дейін айыппұл салынады. Қоғамды, мемлекетті, ресми белгілер мен мемлекеттік билік органдарын қорлағаны үшін дәл сондай мөлшерде айыппұл салынады.