«Фейкке қарсы»: Индонезия әлеуметтік желіні бұғаттауды тоқтатты

Reuters-тің хабарлауынша Индонезия ресми сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін жалған ақпараттың таралуын алдын алу үшін әлеуметтік желіні уақытша бұғаттауды тоқтатты.

Индонезияның байланыс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Сэмюель Абриджани Панджерапан баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілердің жұмысы қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді. 

Өткен сәрсенбіден бері Индонезияда Twitter, Facebook, Instagram және Whatsapp желілерін қолдануға шектеу қойылды. Бұғаттаулар президент сайлуында Джоко Видодоның жеңісіне наразылықтан басталды.  

Жеңілген үміткер Прабово Субиантоның жақтаушыларының тарапынан болған митингіде сегіз адам қаза тауып, 900 адам дене жарақатын алды. Полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолдануға мәжбүр болды. 

Отставкадағы генерал Прабово сайлау нәтижесі бұрмаланды деп мәлімдеді. Сайлауды қадағалау агенттігі алаяқтықтың белгілерін анықтамағанын хабарлады. Ал тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру процессі тегін және әділетті болғанын айтты. 

Сайлаудан соң үкімет желілік мистификация мен зорлыққа үндеудің өсуін байқады.

Содан кейін Twitter, Facebook, Instagram және Whatsapp желілеріне видео немесе фото жүктеу мүмкіндігіне шектеу қойылды.

 

Factcheck.kz