Ертісбаев тезистері: 4,5 млн кәсіпкер, арзан жанармай және басқалары

Мұхтар Әблязов пен Ермұхамбет Ертісбаев арасындағы дебатта айтылған тезистерді тексеруді жалғастырамыз.

Ертісбаев мырза әлеуметтік маңызы бар мәлімдемелерді жасағанда қарсыласына қарағанда жомарттық танытты. Оның ішінде, Қазақстан жанармайы арзан елдердің ондығына кіретіні, елімізде салық төлейтін 4,5 миллион ЖК бар екені, басқа елдермен салыстырғанда орта таптың барлығы, және (аяқ астынан!) миллионнан аса қазақстандықтардың шетел банктерінде шоттары бар деп мәлімдеді. Төрт тезисті де тексереміз.

Қазақстан жанармайы арзан елдердің ондығына кіреді

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Шындық

Қазіргі уақытта Қазақстан расымен де жанармайы арзан елдердің ондығына кіреді.

GlobalPetrolPrices базасының мәліметтері

Бізде салық төлейтін 4,5 миллион жеке кәсіпкер бар. (Ред.: бұдан кейінгі жарияланымдарда дебат қорытындысы бойынша сандар 1 млн 400 мың ЖК және 1 млн 200 мың «кәсіпкерлік субъектісі» деп өзгертілді)

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Жалған

Ертісбаев мырза одан кейінгі жарияланымдарда мәліметтерді түзеткенімен, дебаттың өзінде ол өтірік айтты.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша соңғы төрт жылда ЖК саны 700 мың мен 1,1 млн арасында құбылып тұр (2019 жылдың басында Қазақстандағы ЖК саны миллионнан сәл аздау болатын). Олардың ішінде белсенділері  (салық төлейтін) әр кезеңде 65 пен 80 арасында өзгеріп тұрады. Ал 1,2 миллион дегеніміз – 2019 жылдың алдын ала мәліметтері бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны.

Бізде Әблязов үнемі сілтеме беріп отыратын Армения, Грузия және Украинаға қарағанда орта тап бар

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Манипуляция

Жалпы орта тапты зерттеу өте қиын. Жалпыға ортақ қабылданған тәсіл жоқ. Мәселен, World Data Lab орта тапқа күніне (адам басына) 11-ден 110 АҚШ долларына дейін табыс табатын адамдарды жатқызады. Осылайша, қазақстандықтардың орташа және медианды жалақы мен кірістерін қадағалау бізде орта таптың барлығын, оның болмауы мүмкін еместігін көрсетеді. Бірақ оны Грузия немесе Украинада жоқ деп мәлімдеу – негізсіз.

Толықтыру үшін қоса кетейік, әлем азаматтарының жағдайын, оның ішінде орта тап ұғымын қарастырып, зерттеумен айналысатын Credit Suisse деген банк бар. Байқап назар салыңыз.

Осы мәліметтер бойынша украиналықтардың жағдайы Қазақстанға қарағанда расымен төмен. Бірақ ол Украина, Грузия немесе Арменияда орта таптың жоқ екендігін немесе көлемі туралы ештеңе айтпайды.

Бізде 1,2 млн азаматтың шетел банктерінде есепшоттары бар

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Манипуляция

2018 жылы шетелдік активтердің бар екендігіне қатысты кіріс декларациясына қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне 583 мың азамат тапсырған деп хабарлайды inbusiness.kz ақпараттық порталы мекеменің ресми жауабына сілтеме бере отырып. Өткен жылы қазақстандықтар шетел банктерінде 1,3 трлн теңгені декларацияда көрсетті.

Шетелдік активтердің бар екендігіне қатысты кіріс декларациясын дұрыс емес немесе уақытылы толтырмауы мүмкін екендігін ескергеннің өзінде  жарты миллион адамға жетуі екіталай. Оны ештеңемен дәлелдей де алмайды.

2017 жылы шетелдік активтерінің бар екендігі туралы мемлекеттік кірістер комитетіне 68 мың адам есеп берді. Қазақстан азаматтары жалпы сомасы 820 млрд теңгені шетел банктеріндегі есепшоттарда сақтайтынын мәлімдеді.

Заңнамаға сәйкес декларацияны салықтық есептік кезеңнің 31 желтоқсанында шетел банк шоттарында айлық есептік көрсеткіші 141 еседен асатын қаражаты бар азаматтар береді. 2018 жылы бұл сомма 339 105 теңгені құрады. Сомма көрсетілген мөлшерден аспаса декларация берілмейді.

Редакциядан: Сіздерге дебат қортындысы бойынша өз репортаждарын ұсынған серіктестеріміз – «За нами уже выехали» YouTube арнасын көруге кеңес береміз. 

Павел Банников
Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане». Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy