Жартылай шындық | Байбек: Алматыда орташа айлық – 205 мың теңге

Тамыздың соңында БАҚ Алматы әкімі Бауыржан Байбектің “…қаладағы орташа жалақы – 205 мың теңге. Бұл республика көрсеткішінен 26 пайыз жоғары” деген сөзіне сілтеме жасап, жаңалық таратты.

Средняя зарплата в Алматы

Үкім: Жартылай шындық

Бір жағынан алғанда әкімдікі дұрыс. Расымен, Алматы статистика департаментінің дерегінше, 2018 жылдың екінші тоқсанында қалада орташа айлық 204 740 теңге болған. Бірақ Алматыдағы медианалық жалақы көлемі белгісіз – департамент мұндай деректі есептеп шығармайды.  

Средняя и медианная зарплаты в Алматы

Ұлттық экономика министрлігіне кіретін Статистика комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстанда орташа айлық көрсеткіші мынадай:

Средняя и медианная зарплаты в АлматыҚазақстанда орташа айлық – 159 125 теңге. Біз Қазақстанда тамыз айындағы орташа жалақы мен Алматыдағы екінші тоқсан бойынша жалақыны салыстырып жатқандықтан, Алматы әкімінің айтқан деректері қате емес. Алматыда орташа айлық республика көрсеткішінен 22 пайыздан астам шамаға көп.

Алайда Статистика комитеті Қазақстан бойынша медианалық жалақыны да есептейді. 2017 жылдың шілдесіндегі ақпарат бойынша ол – 82 977 теңге. Тағы да сол комитеттің дерегінше, 2017 жылы орташа жалақы 150 827 теңге болған (“Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері” құжатын қараңыз).

Медианалық жалақы деген не?

Мұнда “Статистика шығарумен айналысатын қызметтердің орташа айлыққа қатысты деректері шындыққа сай келе бермейді, сондықтан біз медианалық жалақыны есептеумен айналысамыз” деп жазылған. Бұл орташа қызметкердің жалақысы: оның әріптестерінің 50 пайызы орташа қызметкерден – көп, 50 пайызы аз жалақы алады. Бұл – шынайы орташа жалақының есептеу тәсілі.

Moyazarplata.kz ресурсы (2012 жылғы деректерге сүйеніп) Қазақстанда медианалық жалақы көлемі статистикалық ұйымдар көрсететін орташа айлық көрсеткішінен 15-30 пайызға төмен екенін айтады.

“…бес қазақстандық 20 000, 25 000, 30 000, 45 000 және 210 000 теңге жалақы алады. Олардың арифметикалық орташа жалақысы 66 мың теңге болады. Бірақ тап сол бес адамның орташа медианалық жалақысы – 30 мың теңге. Яғни, медианалық орташа жалақы – айлық көлемі бойынша орта шепте тұратын қызметкердің алатын ақша көлемі”.   

Желіде мынадай қарапайым мысал бар (бірақ рубльмен көрсетілген):

медианная зарплата

2017 жылдың қорытындысы бойынша, республика бойынша медианалық жалақы көлемі орташа айлық жалақыдан 44,98 пайызға аз болған (82 977 теңге мен 150 827 теңгені салыстырып көріңіз).

Бірақ біз “2018 жылы да осы бір екі жалақы көрсеткішінің арасындағы айырмашылық жалпы Қазақстанда, оның ішінде Алматыда да сақталып тұр” деп айта алмаймыз. Бұлай деуге негіз болатындай биыл Алматыдағы ресми медианалық жалақы көрсеткіші жоқ. Алайда жағдайдың қалай екені түсінікті.

Орташа айлық пен медианалық жалақы айырмашылығын айқындаған (44,9 пайыз) 2017 жылғы көрсеткішті есепке алып, биылғы шаманы жобалап есептеп көрсек:

  • Қазақстандағы медианалық жалақы – 87 677,825 теңге,
  • Алматыдағы медианалық жалақы 112 811,74 теңге болып шығады.

 Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)