Британия билігі жалған ақпаратпен күреске 22,5 миллион доллар қаржы жұмсайды 

Алдағы үш жылда Ұлыбритания Шығыс Еуропадағы жалған ақпарат таратуға қарсы күрес және Батыс Балқан елдеріндегі тәуелсіз БАҚ-қа қолдау көрсету үшін £18 миллион ($ 22,5 млн) бөледі. Бұл жайлы Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Джереми Хант баспасөз бостандығы жөніндегі жаһандық конференцияның қарсаңында журналистердің кедергісіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасаудың маңыздылығы жайлы айтты.

«Әлем халқының тек 10% -ы еркін бұқаралық ақпарат құралдарына қолжеткізе алады, сондықтан фейк жаңалықтар мен жалған ақпарат халықты әлсіретіп, тұрақсыздандырады. Бұл конференцияда менің мақсатым – әріптестеріммен БАҚ бостандығын қорғаудың жолын ақылдасу» деді Хант. 

Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Лондонда жақында үкіметтік және мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа бағдарлама дайындағандарын хабарлады. Жаңа жобаның мақсаты жалған ақпаратты анықтау және онымен күресу.

Factcheck.kz