Божко: интернет пен әскери қауіп жайлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко интернет-кеңістіктіге қауіп пен әскери қауіпті бір деңгейге қойды. 24.kz арнасының хабарлауынша Божко бұл жайлы Мәскеуде өткен Екінші Халықаралық «Развитие парламентаризма» форумында айтты. 

«Сандық технологияларға өту және фейк жаңалықтармен күресу жайлы пікірталас болды. Фейк жаңалықтар барлығы үшін күрделі мәселе екені анықталды. Барлық елдерде интернет кеңістік арандатушылық мақсатта пайдаланылады деген түсінік бар. Тіпті, бұл әскери қауіп деңгейіне жетті» деп мәлімдеді Божко.

Оның айтуынша азаматтарды қорлаудан және кемсітуден қорғау маңызды. 132 мемлекеттен 800 делегат қатысқан форумда, медиа соғыс, жалған ақпараттың салдары мәселелері талқыланды. Одан бөлек, саясаткерлер халықаралық қауіпсіздік, сандық экономиканың дамуы, жастар және экологиялық саясат мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Factcheck.kz