Қазақстан ЕАЭО азаматтарына «визаран» беруді тоқтатты. Ал ол 2023 жылға дейін заңды ма еді?

2023 жылдың 17 қаңтарында медиада (123) Үкіметтің жаңа қаулысы туралы ақпарат тарады, оған сәйкес 2023 жылдың 27 қаңтарынан бастап Қазақстанға виза алуды қажет етпейтін тәртіппен келген шетел азаматтарының елде болу мерзімі 180-нен 90 күнді құрайды. Жаңа қаулыға қатысты сұрақ әсіресе Қазақстанға ЕАЭО арқылы серіктес елдердің азаматтарында туындады. Бір қызығы, желіден үш жыл бұрынғы жаңалықты таптық, онда да осы норманың (123) енгізілгені айтылған, сонымен қатар 2022 жылғы жариялымда да жарты жыл ішінде елде визасыз көп дегенде 90 күн жүруге болатыны жазылған.

Factcheck.kz редакциясы 90/180 ережесі расымен ЕАЭО азаматтары үшін 2020 жылдан бері бар ма еді деген сұраққа жауап іздеді.

90/180 ережесі мәселен Шенген аймағында қолданылатын көші-қон заңнамасындағы танымал норма. Осы тәртіпті ұстанатын елдерде жарты жыл ішінде жалпы 90 күн болуға рұқсат етіледі. Бұл уақыт шекараны кесіп өткенде жойылмайды, сол себепті 90 күнді «жұмсап болғаннан» кейін тек үш айдан соң елге кіруге болады. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

2020 жылдан бері саяхат пен көші-қонға қатысты чаттарда Қазақстанда болу мерзімі туралы хабарлама өте көп. Оның ішінде, кейбір қатысушылар 90/180 ережесі туралы айтады.

  • Қазақстан ЕАЭО азаматтарына «визаран» беруді тоқтатты. Ал ол 2023 жылға дейін заңды ма еді?
  • Қазақстан ЕАЭО азаматтарына «визаран» беруді тоқтатты. Ал ол 2023 жылға дейін заңды ма еді?
  • Қазақстан ЕАЭО азаматтарына «визаран» беруді тоқтатты. Ал ол 2023 жылға дейін заңды ма еді?
  • Қазақстан ЕАЭО азаматтарына «визаран» беруді тоқтатты. Ал ол 2023 жылға дейін заңды ма еді?
  • Қазақстан ЕАЭО азаматтарына «визаран» беруді тоқтатты. Ал ол 2023 жылға дейін заңды ма еді?

Сондай-ақ 2020 жылдың 12 ақпанында Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің сайтында Қазақстанға кіру және болу тәртібі өзгергені туралы хабарландыру жарияланған:

Құрметті қонақтар. 11.02.2020 бастап шетел азаматтарының (!оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары да бар!) Қазақстан Республикасы аумағында болуының жаңа ережелері күшіне енгенін хабарлаймыз. Елде болу мерзімі – 180-нен 90 екеніне баса назар аударғымыз келеді.

2022 жылдың 10 қарашасында vc.ru сайтында Қазақстан Республикасының Көші-қон қызметінің жауабына (түпнұсқасы берілмеген) сілтеме жасай отырып түсіндірме мақала жарияланған. Онда елде болу мерзімін шекараны қысқамерзімді кесіп өту кезінде «жаңарту» мүмкін емес делінген.

2023 жылдың басында БАҚ екі топқа бөлінді. Бірі бұл тәртіпті жаңа ереже (12) деп жазса, екіншілері (мында) «бұрыннан бар, бірақ құбылмалы әрі ретсіз болған» норма деп жазды. Онсыз да қиын жағдай 2022 жылдың қыркүйегінде Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін мигранттар ағымы көбейіп ушығып кетті. Көбі ұзақ мерзімге қалу үшін құжат рәсімдеуге дайын болмады және «visa run»-нан үміттенді.

«Visa run» — жаңа штамп үшін уақытша шекарадан өту арқылы елде болу мерзімін ұзартуды (көбінесе визасыз) білдіретін ресми емес термин.

Factcheck.kz редакциясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитетінен осы ақпаратқа қатысты түсініктеме беруді сұрады, оған мынадай жауап хат келді:

Ответ_Факт_чек

Шын мәнінде, біршама уақыт бойы ЕАЭО азаматтарының елде болу мерзімін «жаңарту» тексерілмей, реттелмей келді, сол себепті «визаран» бейресми болса да кең тараған құбылыс еді. Бұл қалай болды? Мәселе мынада, шетелдіктердің Қазақстанда болуына байланысты мәселелерді бір уақытта екі құжат реттейді:

  1. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі 477-IV Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары;

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің айтуынша, 2020 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Заң, шынында, 6-бап, 4-тармақпен толықтырылған. Онда 90/180 ережесі туралы айтылады.

Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Дегенмен басқаша тәртіп бар: 2012 жылғы Үкімет қаулысында ЕАЭО азаматтарының елге келу және болуының ерекше тәртібі қарастырылған. Құжатқа сәйкес, Кеден одағына мүше елдердің азаматтары ұзақ уақыт бойы Қазақстанға визасыз келе алатын және елде 90 күн болуға, сондай-ақ елден шықпай-ақ мерзімді тағы да 90 күнге ұзарту мүмкіндігі болды.

Келуі және болуының визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық келісімі бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу визасыз жүруге рұқсат етілген мерзімге жүргізіледі. Нақты мерзім белгіленбеген жағдайда, тіркеу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәулікке рәсімделеді және одан әрі сондай мерзімге ұзартылады.

2016 жылғы редакцияда ұзарту туралы бөлігі алынып тасталған, бірақ онда 180 күндік шектеу туралы ештеңе жазылмаған. Осыдан бейресми «визаран» болған деген тұжырым жасаймыз. Адамдар елде болу мерзімін ұзарту үшін аз уақытқа шетелге шығып, қайта келіп отырған. Бұл нұсқа 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін «қызмет етті».

Бір қызығы, Ресейде 2014 жылдан бері «Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Федералдық заңы жұмыс істейді, оған сәйкес қазақстандықтар Ресейде әр кезең ішінде 180 тәулікке 90 күн бола алады.

Қазір Қазақстанда 90 күннен көп мерзімге қалғысы келетін ЕАЭО мүше елдердің азаматтарына Уақытша тұруға рұқсат беру немесе Қазақстанда тұру ыхтиярхатын рәсімдеу керек.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz