Парламент дербес деректер бойынша түзетулерді қарамақшы. Эксперттер не дейді?

Күзде парламент депутаттары дербес деректерді қорғау туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасын қарайды. Құжат жыл басынан бері құқық қорғаушылардың назарында болды және құжаттар берілгеннен бері үш рет бірқатар маңызды өзгеріске ұшырады. Заң жобасына екінші рет түзету енгізу оны мемлекеттік органдарда бекіту үдерісі себебінен болды. Эксперттер бұл құжат мәжілісмендердің алдында қандай түрде жететініне ғана болжам жасай алады.

Түзетулер көпшілікке қайта ұсынылмай тұрып Цифрлық құқықтар жөніндегі тәуелсіз эксперттер тобы түзетулерді ақпаратқа қол жеткізу, әділ сот талқылауы мен интернет бостандығы тұрғысынан талдады. Мамандар ұсынылып жатқан нормалардың тиімді құқық қолдану тәжірибесіне күмән келтіруге болатын бірнеше себеп тапты.

Түзету бойынша дербес деректерді қорғау бөліміне мемлекеттік бақылау функциясын беретін норма алып тасталды.

Қолданыстағы заңнама бойынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректерді қорғау басқармасы әкімлшілік іс қозғап, дербес деректерді қорғау туралы заңды бұзған кінәлілерді жауапқа тартуға құқылы. Төменде елімізде жұмыс істейтін банктердің бірінен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің қазақстандық үлгісі келтірілген.

Парламент дербес деректер бойынша түзетулерді қарамақшы. Эксперттер не дейді?

Түзетулер департаментке мемлекеттік бақылау функциясын беруі керек еді – бұл мамандарға интернет-ресурстар мен компаниялардың дербес деректерді жинауы, өңдеуі және таратуы заңдылығын жоспарлы және жоспардан тыс тексеруге, сондай-ақ бұзушылықтар болған кезде бұйрықтар шығаруға мүмкіндік береді.

«Өкінішке қарай, бұл норма келісілмеді, оны алып тастауға мәжбүр болдық», – деді дербес деректерді қорғау бөлімінің бастығы Әділетхан Қабдеш эксперттерге. Ол мұның іс жүзінде неге әкелетінін түсіндірді: «Егер азамат бізге бір жерде оның деректері заңсыз жиналып жатқанын хабарласа, бірақ оның айғағы болмаса, біз операторды, иесін тексере алмаймыз. Сондықтан оның дербес деректерді қаншалық заңды түрде жинап, өңдегенін анықтай алмаймыз».

Эксперттер мұндай функция маңызды екенін айтады: «Іске асатын құқық қорғайтын құрал болмаса, мемлекет адамның интернеттегі дербес деректерін қорғауға кепілдік бере алмайды», – дейді «Digital Paradigm» ҚҚ директоры Елжан Қабышев. Дегенмен кеңейтілген құзыреттілік интернет бостандығын шектеуге ықпал етпеуі үшін мамандар тек жәбірленушілердің мәлімдемелері негізінде тек дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы шынымен бұзған сайттарға кіруді шектеуге кеңес берді.

Жоғарғы сот өзіне қатысты түзетулерден бас тартпақшы

Бұл судьялардың статус-куосын сақтап қалғысы келетінін білдіреді. «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Роман Реймер оны былай сипаттайды: «Қазақстанда сот жүйесінің қызметін қолданыстағы құқықтық реттеу бірінші кезекте жариялылық қағидатының жекелеген азаматтың құпиялық құқығына нұқсан келтіретін приматын белгілейді, сонымен қатар соттардың қызметін дербес деректер және оларды қорғау туралы ұлттық заңнаманың қолданылуынан алып тастайды».

«Қазіргі заңнама дербес деректерді жинау, өңдеу және тарату бойынша соттардың қызметіне ішкі немесе сыртқы бақылауды қарастырмайды», – деп әріптесіне қосылды халықаралық адам құқықтары бойынша заңгер-кеңесші Татьяна Чернобиль. Республикадағы сот актілерінен дербес деректерді қорғау бойынша міндеттемелер оларды қолданатын немесе тарататын үшінші тұлғаларға жүктеледі. Дәл солар, заң бойынша, Сот актілерінің банкісіндегі көпшілік қол жеткізе алатын дербес деректерді жасыруға тиіс.

Мамандар Жоғарғы сотқа Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, дербес деректерді қорғаудың өзіндік құқықтық және техникалық құралдарын әзірлеуді ұсынады.

Парламент дербес деректер бойынша түзетулерді қарамақшы. Эксперттер не дейді?

Сот шешімдерін автоматты және жартылай автоматты түрде жасыру бойынша фин сервисінің скриншоты

Әйтпесе, Цифрлық құқықтар бойынша эксперт тобы координаторы және «Human Rights Consulting Group» ҚҚ директоры Арсен Әубәкіров басқа мемлекеттік органдар да өзіне қатысты түзетулерден бас тартқысы келуі мүмкін деп қауіптенеді: «Нәтижесінде, заңға, айталық, Ауыл шаруашылығы министрлігі бағынады. Ол, негізінен, дербес деректердің үлкен көлемімен жұмыс істемейді және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) өзі де сондай. Бұл – үлкен қауіп».

Қазақстандық заңдарда «қол жеткізу шектеулі дербес деректер» деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ.

Түзетулер авторлары шектеулі қол жеткізу туралы ақпаратты жіктеу тізіміне «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңы бар және «шектеулі қол жетімділік туралы дербес деректерді» жатқызуды ұсынады. ЦДИАӨМ мұны дербес адаммен байланысты, яғни оның аты мен фамилиясымен біріктірілген деректер деп санайды. Ішкі істер министрлігінде де осы тақырып бойынша түсініктемелер бар, бірақ оларда дербес деректер субъектісімен ешқандай байланыс жоқ.

Парламент дербес деректер бойынша түзетулерді қарамақшы. Эксперттер не дейді?

Сынға төзімділік деңгейінің және беделді қорғау деңгейінің өзгеруі (Конвенцияның 10-бабы бойынша Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот практикасын талдауға негізделген)

«Дербес деректер ашық және шектеулі болуы мүмкін», – дейді Құқықтық медиа орталығының заңгері Гүлмира Біржанова. – «Бұл – қалыпты тәжірибе. Бірақ Қазақстанда қол жеткізу шектеулі дербес деректерге қатысты қандайда бір ерекшеліктер жоқ екенін ескерсек, бұл ереже іс жүзінде қиындықтар тудыруы мүмкін».

Оның ішінде негізгілері мынау: журналист «Дербес мәліметтер туралы» заңды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органнан қажет ақпаратты сұрайды, ал шенеунік «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңартылған заңға сілтеме жасай отырып ақпарат беруден бас тартады.

Анықтама үшін: Әлемдік тәжірибеде қол жеткізу шектеулі болуы мүмкін дербес деректердің белгілі бір тізімін әзірлемейді және қолданбайды. Дербес деректерді жалпыға қолжетімді және шектеулі қол жетімді деп бөлетін елдер керісінше әрекет етеді – олар заңнамада дербес деректерді қол жеткізу шектеулі ақпарат ретінде жіктеуге БОЛМАЙТЫНЫН көрсетеді. Мысалы, Украинаның дербес деректер туралы заңында мәлімет мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті адамға қатысты болса, құпия болып саналмайды деп көрсетілген. Ресей заңы болса, жалпыға қолжетімді дербес дерек деп оның иесі таратуға келісімін берген ақпарат саналатынын нақтылайды.

«Бұл құпиялық режимді бұзуға болатын белгілі бір шарттар болуы керек», – дейді Біржанова. Эксперт ақпарат журналистер жұмысына қажет болса және қоғамдық қызығушылық тудырса, оларға сұранысы бойынша шектелген дербес деректерді алу құқығын заңды түрде беру керек деп санайды. Соңғы тұжырымдама, мысалы, «қоғамның демократиялық құқықтық мемлекетке және азаматтық қоғамға, қоғамдық қауіпсіздікке және қоршаған ортаға төнетін қатерлерді анықтау мен ашу қажеттігі» ретінде бұрында-ақ заңда бекітілуі керек еді.

Билік дербес деректерді қорғау тұрғысынан қоғаммен және бизнеспен жеткілікті түрде өзара әрекеттеспейді

«Цифрлық құқықтардың негізгі тіректерінің бірі – көп стейкхолдер әдісі. Барлық мүдделі тарап – үкіметтің, бизнестің және азаматтық қоғамның пікірі, ұстанымы мен өкілдігін ескеретін тәсіл», – дейді Арсен Әубәкіров. Қазіргі уақытта негізгі қатысушылардың өзара әрекеті жүйелі емес. Дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган – ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректерді қорғау бөлімі – барлығымен дербес байланыс жасайды.

Жағдайдан шығудың жолы қаралатын түзетулерде оның қажеттігі көрсетілген дербес деректерді қорғау бойынша кеңестер арқылы белгілі болады. Бұл құрылым, біріншіден, ведомствоаралық өзара әрекеттесуге қызмет етуі керек, екіншіден, азаматтық қоғам өкілдері адам құқықтары бойынша өз ұстанымын ұсына алатын консультатив-кеңесші алаңның ролін атқаруға тиіс.

ЦДИАӨМ ұсынған эксперттер кеңесінің бірінші жобасы онша қанағаттанарлық болмады: құрамда дербес деректермен жұмыс істейтін барлық мемлекеттік орган ұсынылған жоқ және шенеуніктерге қатысты цифрлық басымдық байқалды.

Сонымен қатар, дербес деректерді қорғау саласы министрлігінің ақпарат ашықтығы да жөнге келуі керек. «Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Қазіргі жағдайдан көріп отырғанымыздай, жабық болғандықтан, ақпараттың жеткіліксіздігіне немесе оның жеткілікті түрде түсіндірілмеуіне байланысты бұл мәселеде көптеген қиындық бар», – деп қорытындылайды Цирфлық құқықтар бойынша эксперт тобы координаторы.

Factcheck.kz