Оңтүстік Корея мен Тайваньдағы COVID-19 вакцинасының жанама әсері: тараған ақпаратты тексереміз

Қыркүйекте мессенжерлер мен әлеуметтік желілерде, мысалы, VK (1, 2, 3), Telegram (1, 2, 3), X (бұрынғы Twitter) (1, 2), Facebook (1, 2) желілерінде Оңтүстік Корея мен Тайваньда COVID-19 вакцинасының жанама әсерлері байқалғаны және сол үшін өтемақы беріліп жатқаны туралы хабарламалар тарады. Онда Оңтүстік Корея COVID-19 вакцинасы алған соң тоқсан күн ішінде көз жұмған адамдардың отбасына өлім себебі расталмаған күннің өзінде 22 500 доллар өтемақы төлеу туралы жариялағаны айтылған. Дереккөздер Тайваньда COVID-19 вакцинасын алған соң денсаулыққа кері әсері туралы апталық мәлімдемелер 2021 жылмен салыстырғанда 18 есе артқанын жазады.

Оңтүстік Корея мен Тайваньдағы COVID-19 вакцинасының жанама әсері: тараған ақпаратты тексереміз

Оқырмандардың өтініші бойынша Factcheck.kz редакциясы тараған хабарламаларды тексеріп көрді.  

Қысқаша қорытындылар

Мәлімдемелердің бәрі дерлік жалған я болмаса манипуляция, біреуі дәлелденбеген, екіншісі жартылай шындық. Хабарлама мәтіні оқырмандарды деректерді теріс түсіндіре отырып COVID-19 вакцинасының зиян екеніне сендіргісі келеді. Осыған орай вакциналаудың бүгінгі таңда аурудың алдын алудың ең тиімді жолы екенін еске саламыз.

Оңтүстік Корея

Мәлімдеме: Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң тоқсан күннің ішінде көз жұмған адамдардың отбасына өлім себебі расталмаған күннің өзінде 22 500 доллар көлемінде өтемақы төлейтінін жариялады.

Үкім: Манипуляция

6 қыркүйекте Оңтүстік Корея ауруларды бақылау және алдын алау агенттігі COVID-19 вакцинасын алған соң тоқсан күн ішінде көз жұмған отбасыларға төленетін жәрдемақының артатынын хабарлады. Онда өтемақы беру басталатыны айтылмаған.

6 қыркүйекте Оңтүстік Корея билігі коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін өмірден өту жағдайында көрсетілетін қолдауды арттыру жоспарын жариялады. Соның аясында COVID-19 вакцинасынан көз жұмған адамдардың отбасына берілетін төлем өлім себебі вакцинадан болған болмағанына қарамастан көбейтілетіні хабарланды. Қыркүйектен бастап зардап шеккендердің отбасы өлім вакцина алған соң тоқсан күн ішінде болған жағдайда 30 миллион вонға дейін ала алатыны айтылды. Жәрдемақы енгізілгенге дейін көз жұмғандардың отбасы 20 миллион вонға дейін ала алады. Бұған дейін жәрдемақы көлемі 10 миллион вон болған және ол вакцина алған соң 42  күн ішінде болған өлім жағдайында төленген.

Бұдан бөлек республиканың ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі өлім тікелей вакцинадан болған жағдайларда өтемақы ұсынады. Ауру жағдайында медициналық шығындарды өтеу 50 млн вон, өлім жағдайында 100 млн вон болады.

Кореяның The Korea Herald ақпараттық ресурсы жәрдемақыны көбейту шешімі көз жұмғандардың отбасының құқығын кеңейту үшін көңіл айту ретінде көрсетілетін қаржылай көмек не үкіметтің жауапкершілікті өз мойнына алуы арқылы өтемақы төлеуге шақырған соң қабылданғанын жазады.

Мәлімдеме: Оңтүстік Кореяда COVID-19 екпесінің 11 түрлі жанама әсері белгіленді. Олардың қатарында анафилаксия, миокардит пен перикардит, Белл параличі, және тағы 13 бұзылыс бар.

Үкім: Манипуляция

2023 жылғы 6 қыркүйетегі баспасөз хабарламасында ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі вакцина әсерінен пайда болуы мүмкін 11 ауру бар екенін, олардың қатарында миокардит пен перикардит кіретінін айтқан. Миелит, құлақтың шыңылдауы, бетті ісуі, бет жүйкесінің параличі және басқа да аурулардың (барлығы 15) вакцинаға қатысы барына болжам бар.

Қайткен күнде де, вакцина алған соң ауыр жанама әсердің қаупі төмен. Агенттік сайтында жарияланған коронавирусқа қарсы вакцинаның жанама әсері статусы туралы есепте 2021 жылғы ақпан мен 2023 жылғы тамыз аралығында вакцинадан кейін тіркелген жағымсыз реакция 1 000 вакцинаның 3,41 жағдайын, 0,13 ауыр жанама әсер мен 0,01 өлім жағдайын құрайды.

Мәлімдеме: Жалпы алғанда Оңтүстік Корея денсаулық министрлігі екпенің жанама әсері туралы хабарлаған 96 000 шағым алған. Оның шамамен 30%-ін үкімет қабылдаған.

Үкім: Дәлелденбеген

Бұл мәлімдемені кореялық The Korea Herald ресурсы ғана растайды. Алайда вакцинадан зардап шеккен адамдардың 96 000 шағымы мен оның 30%-і қабылданды деген сандарды келтірмеген.

Бүгінгі таңда ауруды бақылау және алдын алу агенттігінің дерегінше, Оңтүстік Кореяда шамамен 45 миллион адам вакцина алған.

Тайвань

Мәлімдеме: Тайвань COVID-19 екпесінен кейін денсаулыққа зиян келгені туралы апталық өтініштер санының (2021 жылмен салыстырғанда) 18 есе өскенін хабарлады.

Үкім: Жалған

2023 жылғы 6 қыркүйекте Қытай Республикасы (Тайвань) ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 2022 г жылы COVID-19 вакцинасынан кейін қарастырылған зардап шегу істері 2021 жылғы емес, 2010 жылға қарағанда шамамен 18 есе артқанын хабарлады. Бұл таң қалатын хабарлама емес, себебі 2010 жылы коронавирус кезіндегідей жаппай вакцина салу масштабы болған жоқ.

Сонымен қатар, «кейін» деген «оның салдарынан» дегенді білдірмейді. Істерді қарастыру жанама әсердің болғанын және оның вакцинаға қатысы бар екенін көрсетпейді.

Мәлімдеме: [Вакцинадан зардап шеккендерге берілген] өтемақы көлемі 153 миллион тайвань доллары болды. Бүгінгі таңда өтініштердің тек 45%-і қарастырылған.

Үкім: Жартылай шындық

Тайвань ауруды бақылау және алдын алу орталығының хабарламасына сәйкес, COVID-19 вакцинасынан кейін зардап шеккендерге 153 025 000 тайвань доллары көлемінде көмек көрсетілген. Алайда Орталықтың ресми хабарламасында да, баспасөз құралдарында да жалпы төлем өтініштердің 45%-і екені көрсетілмеген.

Контекст

Тайвань ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары мынаны еске салады:

Ғылыми зерттеулердің көбіне сәйкес, вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алу және емдеудің ең тиімді стратегиясы болып қала береді.

Журналистка, фактчекерка. Изучает филологию и полиязычное образование в КазНПУ им. Абая.

Factcheck.kz