«МӘМС ауыстыруға қатысты алаяқтық» — Қазақстанға қатысы бар ма?

Мессенжерлерде міндетті медициналық сақтандыру полистерін ауыстыруға байланысты жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескерту тарап жатыр. Хабарламада алаяқтардың Денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасын жүктеуді сұрайтыны айтылған, соның көмегімен олар құрбандардың банк қосымшаларындағы жеке деректерін алады.

Хабарламаның екінші бөлігінде алаяқтар емханадан қоңырау шалып, қабылдауға жазылуды ұсынуы мүмкін екені айтылады. Кейін олар жазылуды растау үшін SMS-кодты айтуды сұрайды. Алайда шын мәнінде, бұл SMS «мемқызмет/egov» сияқты мемлекеттік қызметтерден келіп, тіркеу жазбасына кіретін деректерді өзгертуге арналған.

«МӘМС ауыстыруға қатысты алаяқтық» — Қазақстанға қатысы бар ма?
WhatsApp хабарламасының скриншоты

Оқырмандардың сұрауы бойынша Factcheck.kz редакциясы Қазақстанда осындай алаяқтық тәсіл тіркелген-тіркелмегенін анықтап көрді.

Үкім: Фейк

Қазақстанның уәкілетті органдарынан мұндай сипаттағы алаяқтық туралы хабарламаларды таба алмадық. Хабарландыруда қолданылған терминдер мен аббревиатураларға қарағанда, бұл ақпарат Ресейге қатысты, ал тақырыптағы датаға қарағанда, ол 2024 жылғы мамырда тараған. Кілт сөздер бойынша іздеу барысында Ростов облысының Міндетті медициналық сақтандыру аумақтық қоры (ТФОМС РО) 2024 жылғы сәуірде осы мазмұндағы, бірақ құрылымы реттелген ескерту жариялағаны анықталды.

Алайда біз тек осы хабарламаны тексеріп отырмыз. Болашақта мұндай алаяқтық тәсіл Қазақстанда да пайда болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Оның үстіне, елде SMS-кодты айтуды немесе күмәнді қосымша орнатуды сұрайтын ұқсас алаяқтық тәсілдер бұрыннан тіркелген (мысалдар: мында, мында, мында және мына жерде).

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары немесе емхана қызметкерлері ешқашан қандай да бір қосымшаны орнатуды, сілтемеге өтуді немесе SMS-кодты айтуды талап етпейді.

Бұл хабарламаның Ресейге тиесілі екенін қалай білуге болады?

  1. Тақырыпта жазылған ТФОМС РО аббревиатурасы «Ростов облысының Міндетті медициналық сақтандыру аумақтық қоры» дегенді білдіреді.
  2. ММС аббревиатурасы – Ресейде тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін сақтандыру түрі. Қазақстанда ресми түрде МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) аббревиатурасы қолданылады.
  3. «SMS мемлекеттік қызметтерден келеді» деген тіркес – бұл Ресейдің мемлекеттік қызмет көрсету порталына сілтеме. Қазақстанда «мемлекеттік қызметтер» термині қолданылғанымен, жергілікті портал көбінесе «электрондық үкімет» немесе eGov деп аталады.

2024 жылығы 18 сәуірде Ростов облысының ММС федералдық қоры осы алаяқтық тәсіл туралы ресми ескерту жариялады:

ММС федералдық қоры телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді. Сақтандырылған азаматтарға олардың міндетті медициналық сақтандыру полистерін QR-коды бар жаңасына ауыстыру қажет деген жалған қоңыраулар келе бастады. Сонымен қатар, алаяқтар азаматтарға SMS-хабарлама жіберіп, көрсетілген кодты айтуын сұрайды, «қауіпсіз» банк шотына ақша аударуды талап етеді, телефонға қосымша орнатуды немесе сілтемеге өтуді сұрайды. Осылайша, олар телефондағы барлық қосымшаларға, соның ішінде банк қосымшаларына қол жеткізеді.

Фактчекер, ищу истину и точные данные

Factcheck.kz