Лукашенко КСРО кезінде “Валет” агент болған ба?

Интернетте 1987 жылғы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің құжатының суреті тарап жүр. Онда қазіргі Беларусь президенті Александр Лукашенконың Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде “Валет” агент ретінде жұмыс істегені жазылған. “Проверено” басылымы құжатты және ондағы ақпаратты тексеріп көрді.

Құжаттың фотосы бірнеше әлеуметтік желі мен басылымдарда жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда және мұнда).

Лукашенко КСРО кезінде "Валет" агент болған ба?
t.me/informnapalm

“Проверено” басылымының мәлімдеуінше, құжат өте сауатты жазылған, десе де оның шынайы екеніне күмәндануға себеп болатын бірнеше ньюанс бар. Төменде фактчекерлердің дәлелдерін қысқаша ұсынамыз (басылымның материалында егжей-тегжейлі жазылған):

  • Сипаттама еркін түрде берілген, алайда, шын мәнінде, ол кезеңде МҚК-іне агенттерді тіркеуге арналған КСРО МҚК төрағасының 1983 жылғы 4 шілдедегі № 00145 бұйрығымен бекітілген арнайы бланкі болды.
  • 1980 жылдары мұндай құжаттардың, әсіресе КСРО МҚК Бас басқармасына дайындалған құжаттардың бірінші беті МҚК аумақтық бөлімшесінің ресми бланкілерінде басылды.
  • Құжаттың неліктен жоғары билікке, КСРО МҚК 2-бас басқармасының 13-бөлімшесінің бастығы А.В.Гукқа жолданғаны түсініксіз – бұл құзырлылықтың анық бұзылуы.
  • 13-бөлім шетелге шығатын кеңес азаматтарын бақылаумен айналысса, КСРО аумағына келетін шетелдіктерді (құжатта көрсетілген) МҚК 2-басқармасының алтыншы бөлімі бақылады.
  • Аркадий Васильевич Гук шынымен 1984 жылдан бастап КСРО МҚК 2-бөлімінің 13-бөлімін басқарды, бірақ ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 1987 жылғы қаңтарда ол бұл қызметінен кеткен.
  • Жоғары лауазымдағы басшының қолы қойылған және «келісемін» деп белгіленген құжатта қолтаңбаның үстінде мөр болуы керек, алайда ол фотодағы құжатта жоқ.
  • Машина арқылы басып шығарылған құжатта көшірме нөмірі тұр. Бұл сол кездегі құжат айналымы ережесін өрескел бұзу болып саналады.
  • Құжаттағы тырнақшалар әр жерде әртүрлі. Бұдан құжаттың жазу машинасында емес, компьютердегі графика редакторы арқылы жасалғанын байқауға болады.
  • А.Г. Лукашенконың құжаттағы жеке деректерінде ұлты «Беларусь» деп көрсетілген. Алайда 1987 жылы ресми құжаттарда мұндай сөз емлесі қолданылмаған.
  • Кеңестік құжат айналымына сәйкес, «жоғары білім» тіркесінің орнына «жоғары білімі бар» ауызекі тілдегі тіркес түрі қолданылған.
  • Кеңестік жұмыс процесінде «ё» әрпі салыстырмалы түрде сирек қолданылды. Мұнда ол екі рет кездеседі.
  • Құжатта Лукашенконы «миллион тұрғыны бар озық колхоздың бастығы» ретінде атаған. Алайда 1987 жылы Лукашенко колхозды емес, совхозды (советтік шаруашылық) басқарған.

Осылайша, “Проверено” басылымы А.Г.Лукашенконың агент екені жазылған құжаттан жалған деректерді анықтады және құжатты фейк деп атады.

Factcheck.kz