Қазақстан әскері Орталық Азияда ең қуатты ма?

2024 қаңтарында әлеуметтік желілерде және түрлі сайттарда әлем елдерінің әскери қуаты жайлы жарияланған рейтиң талқыланып жатыр. Рейтиңде Қазақстан 145 мемлекеттің ішінен 58-орында тұр. Осыған сүйеніп Қазақстан әскері – Орталық Азиядағы ең қуатты деп жарыса жазуда. Бұл қандай рейтиң, ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz қарап көрді.

Қазақстан әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды.

Интернет кеңістіктегі ақпарат

Үкім: Шындық

Көптеген сайттар дереккөз ретінде көрсеткен GlobalFirepower (GFP) жыл сайын әлем елдерінің әскери күш қуатына байланыста рейтиң жариялап отырады. Ең кейінгі дерекке сай, Қазақстан расымен 145 елдің арасында 58-орын алған. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл рейтиң әскер саны мен қаражаттан бөлек мұнай қоры, сыртқы қарыз, табиғи газ тұтыну, көмір өндіру және жалпы жер көлемі және т.б. 60-тан астам факторды қамтиды.

Орталық Азия елдерінің әскери қуатына байланысты жасалған инфографика, бұл жерде негізгі әскери факторлар қамтылған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz