Футболшы Хакими бар мүлкін анасының атына жазғандықтан бұрынғы жұбайы одан дым ала алмай қалғаны рас па?

2023 жылы әртүрлі БАҚ-та, спортқа арналған форумдарда (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12) және Instagram (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12), TikTok (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13), X (бұрынғы Twitter) (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10), Facebook (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13), VK (1, 2, 3, 4, 5, 6) әлеуметтік желісінде «Пари Сен-Жермен» футбол клубының қорғаушысы, атақты футболшы Ашраф Хакимидің ажырасқаны туралы жаңалық желдей есіп кетті. Дереккөздердің жазуынша, оның әйелі ажырасуға арыз беріп, мүліктің жартысын алмақшы болған, бірақ футболшының бар ақшасы мен мүлкі анасының атына жазылғанын анықтаған. Кейбір авторлар футболшының заң жүзінде «кедей» болуына байланысты бұрынғы жұбайы сот шешімімен өз мүлкінің жартысын «айыппұл» ретінде төлеуге мәжбүр болғанын да жазады.

Футболшы Хакими бар мүлкін анасының атына жазғандықтан бұрынғы жұбайы одан дым ала алмай қалғаны рас па?
Instagram-да тараған жаңалықтың скриншоты

Оқиға бізді өзінің хабарымен қызықтырды. Хакимидің бұрынғы жұбайын бізге «алтын іздеуші» ретінде таныстырлған, бұл бейресми терминді есеппен некеге тұрған әйелдерге қатысты қолданады. Қолданушылардың көбі бірауыздан оның жұбайының осы әрекетін және жалпы әйелдерді айыптап, Хакимидің өзін және оның анасымен қарым-қатынасын мақтайды.

Бірақ бұл оқиға рас па? Factcheck.kz редакциясы анық-қанығына жетуді жөн көрді.

Үкім: Сатиралық жаңалық

Ашраф Хакими мен жұбайы ажырасуға жылдың басында арыз берген. Алайда, әйелі анасының атына жазылған мүліктің жартысын тартып алуға тырысқан «сәтсіз әрекеті» туралы әңгіме жалған. Аяқдоп шеберінің жұбайы ақшасының жартысын айыппұл түрінде төлеуге мәжбүр болды деген мәлімдеменің де негізі жоқ.

Оқиғаның пайда болу тарихы

Батыс Африканың Dubawa ресурсының фактчекерлері түпнұсқа дереккөзді тапты. Facebook-тегі Papa Ado деп аталатын, әзіл мен сатираға арналған парақша ақпаратты алғаш болып жариялаған. Демек, оқиға – сатира.

Алайда жаңалықты жариялаған дереккөздердің көбісі 2023 жылғы 14 сәуірдегі X-тегі ивуарлық First Mag медиасына сілтейді, бұл бірнеше рет жалған ақпарат таратқан күмәнді медиа платформа. The Africa Report басылымы «журналистикаға қарағанда әзілге көбірек көңіл бөлетін» ресурс екенін айтады.

Дегенмен, бұл жаңалық спортқа арналған БАҚ пен әлеуметтік желідегі футбол жанкүйерлер парақшаларында лезде танымал болды. Жаңалық авторлары Ашраф Хакимидің әйелін «пайдакүнем» деп, ал пікір жазғандар футболшының бүкіл мүлкін анасының атына жазуын биік бағалайды.

Шынтуайтында қалай болған

2023 жылы сәуірде «Пари Сен-Жермен» клубының қорғаушысы Ашраф Хакими үш жыл некелескен испандық актриса және модель әйелі Хиба Абукпен ажырасып жатқаны белгілі болды. Қоғамның қызу талқысын туғызған Хиба Абуктың «мүліктің жартысын алу» ниеті туралы хабар болуы мүмкін.

Алайда футболшының мүлкін анасына жазу туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды. Француздың Le 10 Sport спорт басылымы журналист Жиль Верденің бұл жаңалықты жалған деп, «Испанияда да, Мароккода да, Францияда да мүмкін емес» деген пікіріне сілтеме жасайды.

Мұны қаржылық сарапшы, Сорбонна университетінің оқытушысы Омар Эль Адлуни растайды, ол LinkedIn-дегі жазбасында Еуропаның көптеген елдерінде некені реттейтін қолданыстағы заңдарға сәйкес мүлікті [үшінші тұлғаларға] беру туралы толығырақ түсіндірді, ажырасуға арыз бергеннен кейін қылмыстық жауапқа тартылып, 75 мың доллар айыппұл және 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер Хакими ажырасқанға дейін мүлікті анасына беруді шешті деп болжасақ, бұл туралы әйелі хабардар болар еді және ол шамамен 45% салық төлеуі керек еді, ал оның мүлкінің көлемін ескерсек бұл мүлдем пайдаға әкелмейтін әрекет болар еді.

Осылайша, оқиға қалай өрбісе де логикалық тұрғыдан бәрібір жалған болады. Ажырасу процесі басталғаннан кейін Хакими мүлікті біреуге аудара алмас еді, себебі бұл қылмыс. Егер ол мүлікті ажырасқанға дейін берсе, оның әйелі бұл туралы хабардар болып, жоқ нәрсенің «жартысын алғысы келіп кетуі» немесе мүліктің футболшының анасына берілгенін табан асты «анықтауы» мүмкін емес еді.

Марокколық Goud.ma ресурсы Хакимидің анасынан да пікір алған, ол өз ұлынан бұл туралы ештеңе естімегенін және оның ескертусіз бар мүлкін атына жазуы ойға қонбайтын әңгіме болар еді деп айтқан.

Хакимидің «заң жүзінде кедей болуы» туралы ақпарат расталмағандықтан, қаражаттың жартысы Хиба Абукқа төленген деген мәлімдеменің де негізі жоқ.

Бір қызығы, басылымдар Хакимидің мүлкіне байланысты Хиба Абуктың әрекетіне қатысты «тартып алу» немесе «жартысын алу» деген тіркесті қолданса, Абуктың жеке қаражатына келгенде, желі қолданушылары «айыппұл» және «сот шешімі» деген тіркесті қолданады.

Сексуалды зорлық-зомбылық туралы айыптаулар

2023 жылы наурызда Ашраф Хакимиге 24 жастағы қызды зорлады деген айып тағылды. Сот тергеу әлі жүріп жатыр. Мүлікті бөлісу туралы хабарды таратқан көптеген ақпарат көздері ажырасуға себеп болған оқиға осы дейді. Алайда, Хиба Абук журналистерге айтқан сөзінде бұл қауесетті жоққа шығарып, екеуі Хакимиге зорлады деген айып тағылғанға дейін бірер апта бұрын бөлек тұра бастағанын айтты.

Шынтуайтына келсек, балаларымның әкесі екеуміз, асықпай ойлана келе, БАҚ мені қатыстырған және мен мүлдем бейхабар оқиғалар болмай тұрып, біраз уақыт бұрын қарым-қатынасымызды тоқтату туралы шешім қабылдадық

Ақпарат Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын «Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығы туралы қазақстандық аудиторияның хабардарлығын арттыру» жобасы аясында дайындалды.

Журналистка, фактчекерка. Изучает филологию и полиязычное образование в КазНПУ им. Абая.

Factcheck.kz