Фейк | Жаз айларында студенттерге стипендия берілмейді

Кешелі бері әлеуметтік желілерде, әсіресе WhatsApp-та “биылдан бастап студенттерге және магистранттарға жаз айларында стипендия төленбейтін болды” деген ақпарат тарауда. Сондай-ақ мәтінде “стипендия тағайындау туралы заңнама өзгеріс енгізіпті” деп те жазылған. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz тексеріп көрді.

Фейк | Жаз айларында студенттерге стипендия берілмейді

Үкім: Фейк

ҚР Үкіметінің “Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерін бекіту туралы” қаулысының 3-тарау, 22-тармағында студенттер мен магистранттардың жазғы каникулдағы стипендиясы екі ай (шілде, тамыз) үшін бірігіп төленетіні жазылған. Сонымен қатар, ешқандай да заңнама не қаулыға өзгеріс енгізілмеген.

Сонымен қатар, Мемлекеттік органдар қандай да бір құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болса міндетті түрде ресми жариялайды. Оны чаттарда не WhatsApp арқылы таратпайды.

Factcheck.kz редакциясы магистратура туралы талапкер арасында кең тараған алып-қашпа әңгімелер мен мифтерді талдаған еді. Толығырақ төменнен оқи аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz