Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ

Түркиядағы жер сілкінісінен бірнеше күн өткен соң түркиялық (12 ,3) және қазақстандық (1) баспасөз құралдары Түрік республикасының бірінші президенті, танымал саяси қайраткер Мұстафа Кемел (Ататүріктің) дін аман қалған портреттерінің фотосы мен видеосын таратты. Әлеуметтік желідегі кейбір қолданушы Ататүріктің портреттері, бюсттері мен муралдары жер сілкінісі кезінде қирамағанын айтып, мұны саясаткердің тірі кезіндегі қызметі мен жетістіктерімен байланыстырды.  

  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
  • Фактчек | Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ

Factcheck.kz редакциясы «Мұстафа Кемел Ататүріктің суреттері расымен аман қалған ба?» деген сұраққа жауап іздеп көрді. 

Үкім: Дәлелденбеген

Ашық дереккөздерде Мұстафа Кемелдің жер сілкінісінен қираған ғимараттардағы портреттері мен бюсттерінің жалпы саны туралы баспасөз құралдарында жарияланған суреттерден басқа мәлімет жоқ. Апат аумағында басқа картиналар мен мүсіндермен салыстырғанда Ататүріктің қанша ескерткіші аман қалғанын есептеу де мүмкін емес. Сәйкесінше, тек Мұстафа Кемелдің портреттері мен бюсттері ерекше жағдайларға төтеп бере алады деп мәлімдеуге болмайды. 

Заттардың аман қалуына әсер ететін факторларды да ескеру керек: мысалы, портреттер көтергіш қабырғаларда және жақтауда, ал кітаптар ішіндегіні қорғап қалған шкаф, үстел немесе сөрелерде тұруы мүмкін; жоғарыдағы суреттегі бюст ғимараттың ортасында, қабырғадан алыс орналасуы мүмкін; муралдардың бірі қабырғаның төменгі жағында конструкцияны қорғап тұрған арқалықта салынған; ал басқасы ғимарат қабырғасының ұсақ плиткасынан тұрады, суретке қарағанда жер сілкінісінен аз ғана зардап шеккен (терезелер де, балкон да аман қалған).

Ататүрік жетістіктері мен оның суреттерінің аман қалуы арасында ерекше байланыс барын айту иллюзорлы корреляция көрінісі болуы мүмкін. Иллюзорлы корреляция — оқиғалар арасында айтарлықтай байланыс барын асыра сілтеп көрсетуден байқалатын табиғи когнитивті бұзылыс. Зерттеулер адамда күйзеліс деңгейі жоғары, оқиғаны бақылауы төмен болған сайын олардың иллюзорлы корреляцияға көбірек бейім болатынын көрсетті. Десе де, Мұстафа Кемел — өте танымал адам, «ұлт атасы» («Ататүрік» сөзінің өзі «түріктердің атасы немесе «ұлы түрік» деген мағына білдіреді) және Түркияда оны қатты құрмет тұтады. Сондықтан мемлекет үшін қиын кезеңде адамдардың ерекше адамға байланысты заттарға назар аударып, оған ерекше қасиет беріп жатқаны таң қалдырмайды. 

Контекст

Дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында таңғы 04:17-де 7,8 балдық және тоғыз сағаттан соң 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жойқын жер сілкінісін көрші мемлекеттерде, оның ішінде Сирия, Ливия, Ирак пен Грекиядағы Кипрде сезілді. Бұл адам шығыны бойынша 1939 жылы Эрзинжанда болған жер сілкінісінен кейін екінші орында тұр. Ол кезде 32 968 адам қаза тауып, 100 мыңнан астам адам жарақат алған. 

Қазір Түркияда адамдарды қиранды астынан алып шығуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр, сонымен қатар жер сілкінісі кезінде қираған тұрғын үй құрылысы кезіндегі ереже бұзған жүзден астам адам іздестіріліп жатыр. Қоршаған орта министрі Мұрат Курумның дерегінше, жер сілкінісінен аймақтағы 24 921 ғимарат қираған немесе бүлінген. 13 ақпан күні Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласын толығымен сүріп, жаңасын салатыны белгілі болды.  

13 ақпан күнгі дерек бойынша, табиғи апат салдарынан Түркия мен Сирияда ондаған мың үй қирап, қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты. 

Оқи отырыңыз

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz