Екі ЖИ бір-бірімен жасырын сөйлесті ме?

2025 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік желіде екі жасанды интелекттің сөйлесе келе бір-бірінің ЖИ екендіктерін анықтаған соң дереу адамдарға түсініксіз өз тілдеріндегі кодтармен байланыса бастағанын көрсетілген видео тарады. Бұл қысқа видеоны таратушылар да, желі қолданушылары да “ЖИ бұдан былай адамдардың бақылауынан шығып кетті” немесе “бұлай  кете берсе өмірімізге қауіп төнуі мүмкін” дегендей пікірлер жаза бастады.

Factcheck.kz тараған видеоны тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Бұл – GibberLink деген арнайы жүйе. Әзірге бұл жүйе арқылы екі ЖИ бір-бірімен алдын-ала жазылған сценарий бойынша адам даусының генерациясын қолданбай өздеріне түсінікті кодтармен сөйлесе алады. Ал видеодағы мысал соның бір дәлелі. Бұл жүйенің іске асуы үшін екі жасанды интеллект болу керек. Одан кейін, бағдарлаушы маман екі ЖИ арасындағы әңгіменің GibberLink жүйесінде жалғасуын мақұлдауға тиіс. 

GibberLink жүйесі ЖИ агентері бір-бірімен «өз тілдерінде» сөйлескенде адам даусының генерациясына жұмсалатын ресурсты үнемдеуге болатынын дәлелдеу үшін жасалған. 

Жалпы кейінгі кездері ЖИ жайлы қоғамда негатив пікір мен алаңдаушылық артқаны байқалады. Мысалы, Pew Research Center орталығының зерттеуінше АҚШ тұрғындарының 51%-і ЖИ-дің күнделікті өмірге енуіне алаңдаушылық білдірген. Ал “алдағы 20 жыл ішінде ЖИ-дің пайдасы арта ма?” деген сұраққа халықтың 17%-і “иә” деп жауап берген. Олардың алаңдаушылығының негізгі себебі ретінде ЖИ этиканы жиі бұзады және сайлау кезінде халықты шатастыратын ақпараттар таратуы мүмкін екендігін атаған. Ал сарапшылар халық ЖИ қолдануды дұрыс меңгерсе пайдалы жағын көбейтуге болады деп сенеді.

Материалды Factcheck Dive курсының түлегі Роман Бұрқаш дайындады



Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz