Көлік 100 км/сағ жылдамдықпен ұшса, ғарышқа бір-ақ сағатта жете ме?

2023 жылғы 3 ақпанда Twitter-дегі танымал ÜberFacts аккаунты “Көлігіңізді аспанға 60 миль (шамамен 96 км/сағ) жылдамдықпен бағыттай алсаңыз, ғарыш бір сағаттық жерде ғана” деп жазды. Snopes фактчекерлері мәлімдемені тексеріп көрді.

NASA-ның мақаласына сәйкес, атмосфера шегі мен ғарыштың басталуын бөлетін нақты шекара жоқ, бірақ “Карман сызығы” деп аталатын жалпыға ортақ қабылданған шекара бар. Шекара теңіз деңгейінен 100 шақырым (немесе 62 миль) биікте.

Ғарыш шекарасына дейін 62 миль немесе 100 шақырым жүру керек екенін ескерсек, қиялымыздағы көлікпен сағатына 60 миль жылдамдықпен теңіз деңгейінен тігінен жүру үшін бір сағаттан астам уақыт қажет.

Factcheck.kz