ЕАЭО елдерінде 2023 жылғы орташа айлық жалақы көлемі қанша?

Наурыз айының басында бірнеше қазақстандық медиада ЕАЭО елдерінің жалақысының рейтингісі жарияланды (1,2,3,4). Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

2023 жылы орташа айлық жалақы Арменияда – 688 доллар (270 мың армян дихрамы), Беларусьте – 634 доллар (1,9 мың беларусь рублі), Қазақстанда – 791 доллар (360,8 мың теңге), Қырғызстанда – 379 доллар (33,3 мың сом), Ресейде – 871 долларды (73,7 мың ресей рублі) құрады.

Медиада тараған ақпарат

Үкім: Шындық

ЕАЭО елдерінің ресми статистика органдарының ақпаратына сай, Арменияда 269 994 армиян дихрамы, Беласрусьте 1902,3 беларусь рублі, Қазақстанда 360 765 теңге, Қырғызстанда 33 258 сом, Ресейде 73 709 ресей рубліне тең болған.

ЕАЭО елдері ішінде ең көп инфляция Қазақстанда тіркелді ме?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz