ДДСҰ, Ақ үй, Дүниежүзілік банк пен Билл Гейтістің астыртын сөз байласуы – жаппай тараған видеодағы құжаттарды тексерейік

Мессенджерлерде Билл Гейтс пен ДДСҰ астыртын сөз байласуы, бүкіләлемдік қастандық, 2025 жылы жаңа пандемия жоспарланғанын, балалар екпесіне қосылатын у туралы баяндайтын бейнеролик тарап жатыр. Factcheck.kz редакциясы сол видео мен авторлары келтірген деректерді тексеріп көрді.

Желіде тараған видео

Бейнеролик не туралы?

Мессенджерлерде тарап, әлеуметтік желіде жарияланып жатқан видеода әлдебір «блогер» компьютердің мониторын көрсетеді – ол жерде Ақ үй сайтының ашық тұрған парақшасын көруге болады. Тексте баяндаушы COVID-19 жазуын жария көрсетіп, желпініп сөйлейді. 

«Яғни, COVID-19 әлі жоғалған жоқ, бұл дегеніміз COVID-19 бітпеді деген сөз. Дәл осылай олар екпелер мен тестер және т.б. туралы айтады», – дейді баяндамашы бірде естіліп, бірде естілмей қалып жататын сөзінде.

«Олар… жаңа қызметке жауапты…. зейнеттегі генералды тағайындаған. Яғни, олар келесі пандемияға арнайы әрекет ететін қызмет түрін ойлап тапқан. Келесі пандемия қашан болады?» – деп айтқан баяндаушы келесі сайтты ашады: сайт мекенжайы бірден көзге түседі – HHS.gov.

«Мына жерден не көріп тұрсыз? “SPARS Pandemic 2025-2028”. Үш жыл, достар! 2025 жылға меңзейтін сәйкескестіктерге назар аудардыңыздар ма?!» – дейді спикер. Содан кейін ол мұқабасында The SPARS Pandemic 2025-2028 деген жазуы бар, сондай-ақ Джон Хопкинстің Денсаулық қауіпсіздігі орталығы (Johns Hopkins Center for Health Security) жазылған әлдебір pdf-құжатты ашады.

«Адамдарды қамап қояды, адамдарды оқшаулайды, мұның бәрі ресми түрде шешілген, міне, дәлел!» – деп жалғастырады ол, ал содан кейін Дүниежүзілік банктің құжатын ашады.

«Біз мына алтыншы парақтан не көріп тұрмыз? Бұл жерде адамдарды қалай оқшаулайтыны, қалай мәжбүрлейтінін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қандай билікке ие болатынын, басқа елдерге не әсер ететінін және т.б. егжей-тегжей бүге-шүгесіне дейін жазылған», – деп жалғастырады ол және көрермендерге құжатта көрсетілген 2025 жылдың 31 наурызы деген датаға көңіл бөлуін сұрайды.

«25-жыл, бәрі үйлесіп-ақ тұр! Достар, барлық ібілісті жақтаушылар 25-жылға жоспарлаған! Басында ібіліске еруші Билл Гейтс тұрған бұл Джон Хопкинс институты 2025 жылға жаңа аурудың пайда болуын жоспарлап қойған, олар миллиард адам ауру жұқтырады дейді… 20 миллион адам қайтыс болады, олар солай ойлайды, оның 15 миллионы бала, олар дәл солай айтты – балалар өледі. Тірі қалған балалар сал болып қалады, миына зақым келеді. Ақ үйдің ресми сайтында да жазылған: олар 2025 жылы басталатын SPARS-тың келесі пандемиясына дайындалып жатыр», – дейді видео авторы.

Содан кейін спикердің сөзінше, әлдебір әйел «балаларды ұстап алып, екпе салу керек» деп пікір қалдырған видеоны қосады (баяндаушы видеоны тек бірнеше секундқа қосып, бірден тоқтатады).

«Мен тіке айтамын: балаларға жыл сайын салатын әлгі қарапайым қызылшаға қарсы екпеге… у қосқан! Бұл у балаларға әсер етеді! Балалар өледі! Бұл жай жарылатын бомба! Дұға қылыңдар, Құдайдан даналық тілеңдер, олар 2025 жылы біздің балаларымызды құртуды жоспарлап отыр. Тағы бір маңызды дүние, 2024 жылы қауіпсіз панадағы орынның бітетін уақыты. 25-жылы олардың жоспарына сәйкес, жаңа пандемия басталады, шекаралар жабылады, адамдарға екпе салып, білгенін істейді. Сондықтан 2021, 20-жылдары болған оқшаулау бұның қасында түкке тұрмайды. Бұл тек жаттығу болатын», – дейді баяндаушы.

Содан кейін ол YouTub-арнаға сала алмайтынын айтып, бұл видеоны жақындары мен достарына таратуды және соңында балаларға екпе салудан бас тартуды сұрайды.

«1-дәлел»: Ақ үйдің мәтіні

Алдымен бейнролик авторы жоспарланған пандемияға дәлел ретінде көрсеткен Ақ үйдің жазбасынан бастайық. Мұны «ақпараттық бюллетень» деуге келеді, яғни, ресми ақпарат көзі – мұндай жазбалар мемлекеттік резиденция сайтында жиі жарияланады.

Талқыға салған мәтінде Ақ үй пандемияға дайындық және әрекет ету басқармасын іске қосатыны жазылған (OPPR, басқарманың түпнұсқасында preparedness сөзі қолданылады, яғни тіке аударсақ, «пандемияға дайындық басқармасы» болады, бұл өз кезегінде атауының мағынасын өзгертіп жібереді, себебі бұл болмаса «пандемияға дайындық» деген тіркесті «пандемияның дайындығы» деп түсініп қалуы мүмкін).

Жаңалықта бұл АҚШ-тағы қоғамдық денсаулық сақтау саласын бұзуға немесе пандемияға әкеп соғатын белгілі және белгісіз биологиялық қауіп пен патогендерге дайын болу, дер кезінде әрекет ету үшін құрылған президент әкімшілігінің тұрақты қызметі екені жазылады. Сонымен қатар бұл іске COVID-19, маймыл шешегі, полиомиелит, құс және адам тұмауы және адамдардың респираторлық-синцитиалды вирусына қарсы күрес те қосылады деп айтылған.

«OPPR негізінен келесі буындағы дәрілерді ойлап табу, жасау және сатып алуды қадағалайды, оған қоса су жаңа технологияларды қолдану мен HHS-пен (АҚШ-тың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігі – ред.) COVID-19 және басқа да қоғамдық денсаулық сақтауға қатерге қарсы екпе және емдеу тәсілі бойынша жұмыс істейді», – деп жазған. 

COVID-19-дың жаңа пандемиясына дайындық жасауға қатысты болжамға келсек, мәтінде бұған қатысты бірде-бір логикалық байланыс табуға болатындай сөйлем жоқ, себебі бұл жерде осы кезде жасалып жатқан болашақта болуы мүмкін қауіп-қатердің алдын алу мен әрекет ету туралы жазылған.

«Аяқталмаған ковид» деген автор айтқан видео – бұл жалпы қоғам білетін ақпарат. ДДСҰ пандемия аяқталды деп жариялады деген сөз қате. Негізінде бұл ұйым қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық масштабтағы Төтенше жағдай аяқталды деп жариялады. Дегенмен пандемия әлі ұзақ уақыт тұрақтауы мүмкін. Бүгінде бұл ауру бұрынғыдай жаппай тарап жатпаса да әртүрлі елдерде тіркеліп жатқаны рас (мына жерде ДДСҰ-ның жаңа деректері бар).

«2-дәлел»: SPARS эпидемиясы пен pdf-құжат

Видеода іле-шала HHS.gov деген америкалық денсаулық сақтау министрлігінің сайты көрсетіледі. Ол жерде бейнеролик авторы SPARS Pandemic 2025-2028 деп жазылған әлдебір құпияға толы тақырып оқыды. Міне, мынау сол Джон Хопкинстің денсаулық қауіпсіздігі орталығын жазған pdf-құжат, ал мынау сол парақша.

Құжаттың мұқабасында бұл футуристикалық сценарий екені тура айтылған, ал негізгі текст басталар алдында дисклеймер жазылған:

Бұл  болжам сценарий, жаңа және/немесе зерттелетін дәрі-дәрмектерді, вакциналарды, терапевтік құралдарды немесе басқа да медициналық қарсы шараларды әзірлеуді және таратуды қажет ететін жұқпалы аурудың табиғи өршуі кезінде туындауы мүмкін қоғамдық денсаулық сақтау тәуекелдері туралы коммуникация мәселелерінің туындауын суреттеуге арналған гипотетикалық сценарий.

Бұл жерде сипатталған инфекциялық қоздырушы, медициналық қарымта әрекеттер, кейіпкерлер, БАҚ беттеріндегі ақпарат, әлеуметтік желідегі хабарламалар және үкіметтік мекемелердің жауабы толықтай ойдан шығарылған.

Негізгі мәтінде бұл сценарий қоғамдық денсаулық сақтау мамандарына болашақты болу мүмкін жағдайларға, оның ішінде жаңа SPARS коронавирусының жаппай тарауы кезінде және қоғаммен байланыс проблемасы кезінде жұмыс істеуге дайын болуы үшін «жаттығу материалы» ретінде жасалғанын білуге болады.

Сценарий екі бөлімге бөлінген, әр бөлімнің соңында сұрақ қойылып, диллемалар жазылады, оларға талдау жасап, жаттығу жасауға болады. Яғни, бұл әлдебір оқулық деуге болады, ал сценарий тек денсаулық сақтау қызметкерлері кездесуі мүмкін қиындықтарды сипаттау.

Еске сала кетейік, сценарий ашық дереккөзде орналасқан және қызығушылық танытқан адамнан жасырын ұстамайды, бұл өз кезегінде әлдебір құпия күштер адамзатты жоқ қылып жіберуге астыртын сөз байласты деген тұжырымға қайшы.

«3-дәлел»: Дүниежүзілік банк құжаты

Роликте көрсетілген Дүниежүзілік банк құжатын бір минут ішінде Google-дан іздеп табуға болады. Бұл – «COVID-19-ға стратегиялық дайындық және әрекет ету бағдарламасы». Бейнеролик авторы көрсеткен алтыншы бетте пандемиядан зардап шекке елдерге Дүниежүзілік банктен қаржылай көмек бағдарламасы туралы айтылған. Адамдарды оқшаулар мен ДДСҰ билігі туралы дәнеңе де жоқ.

Алтыншы беттен бөлек, видеодағы баяндаушы датаға мән береді – 2025 жылдың 31 наурызына әлемдік астыртын сөз байласқандар жаңа пандемияның бастау уақыты дегенге келтіреді. Құжатта бұл дата қаржылай көмек көрсету бағдарламасының аяқталу кезеңі деп көрсетілген (2020 жылдың 2 сәуірінде жобаның іске қосылуы жоспарланған уақыт; бұның бәрі COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін көп уақыт өтпей жазылғаны белгілі). Бұл бағдарлама 2020 жылы іске қосылғанын дәл сол Дүниежүзілік банктің ресми сайтынан көруге болады.

«4-дәлел»: телевизиялық пікір

Міне, автордың соңғы дәлеліне де жеттік – бірнеше секундқа ғана қосылған видеопікірдің мазмұнын көрермендер бейнеролик авторының аузынан естіді: оның айтуынша, ньюсмейкер «балаларды ұстап алып, екпе салу керек» дейді-мыс.

Қиындығы сол, бұл ролик теріске шығаратындай дәлел емес, оған бірнеше себеп бар: бұған дейін көрсетілген құжаттар сияқты оқиға болған уақыты айтылмайды, ньюсмейкерді таныстырмайды, ал көрермен оның айтқан сөзін ести алмайды.

Видеодағы @anna_kpo деген белгіге қарап бір ғана нәрсені анықтауға болады: бұл ролик «КПО Анна Руднева» деген Тelegram-арнада жарияланған. Ол жерде екпе қарсы адамдардың идеясын қолдайтын видеолар, текстер жетіп артылады.

Турасын айтайық, бейнероликті арнадан таба алмадық, бірақ автордың қысқаша мазмұныны айтып бергеніне сүйеніп, мынаны білеміз: ол жерде балаларға екпе салу керек екені айтылған. Мұны проблеманың астан-кестеңін шығаратын әлдебір сенсация деуге келмейді. Біз нақты бейнероликті талдап жатқан соң да, бұл «дәлелді» қалғандарына қосуға мәжбүрміз (төменнен көріңіз).

Қалған дәлелдер: шешендік өнер мен ескі фейктер

Бейнероликті екі бөлікке бөлуге болады. Бірінші бөлікте біз жоғарыда талдаған тексерілетін ақпараттар көрсетілсе, екінші ақпаратта нақты дәлел жоқ, оны фейк ақпарат ретінде бірінші бөлімде көрсетілген құжаттарға нарратив ретінде де қарастыруға келмейді. Бұл «екпедегі у», «балалардың көзін құрту», «панадағы орын саны», сондай-ақ планетадағы тұрғындар санын азайту идеясының авторы ретінде Билл Гейтсті көрсетуі. Бұл аталған идеялар біз бұрын жазған (мында, мында, мында және мына жерде) педофил-ібіліске ерушілер, адренохроме, «алтын миллиард» секілді фейктерге ұқсайды.

Үкім: Фейк

Бейнероликте көрсетілген құжаттар мен жазбалар олардың мазмұнымен сәйкес келмейді. Ал кейін айтқан «екпедегі у», «балалардың көзін құрту», «панадағы орын саны», сондай-ақ Билл Гейтстің адамзаттың бір бөлігін құртып жібергісі келеді деген тұжырымдар ескі фейктерге жатады, мұны біз және фактчекер әріптестеріміз бұрындары талдағанбыз.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz