Атырау облысы республиканы қаншалықты байытып отыр?

Мамырдың аяғында өткен мәжіліс отырысында депутат Әділ Жұбанов Атырау облысы жайында деректер келтіріп, сауал жолдады. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысы ірі донор ретінде Ұлттық қордың 60%-ін, республикалық бюджеттің 30%-ін толтырып, мемлекет қазынасын қампайтып отыр. Ал облысқа берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша 12-орында тұр. Депутат келтірген деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:34:26

Атырау облысы Ұлттық қордың 60%-ін беріп мемлекеттік қазынаны толықтырып келеді.

Әділ Жұбанов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Ұлттық қорға түскен кірістің 56,6%-і Атырау облысына тиесілі. Одан кейін БҚО 21,7% және Маңғыстау 14% Ұлттық қорды толықтырып отыр. Ал кейінгі 6 жылдықта Атыраудың үлесі бір өсіп, бір кеміп отырған.

Осы Атырау облысы республикалық бюджеттің 30%-ін берді.

Әділ Жұбанов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Қаржы министрлігінің дерегінше, 2022 жылы Атырау облысынан республикалық бюджетке түскен кіріс көлемі 17,1%-ке жеткен. Кіріс бойынша ең көп 28,3% Алматы қаласына тиесілі, ал Астана 13,8%-ке жеткен. Атырау облысы кейінгі 6 жылдықта республикалық бюджетке ең көп 20,1%-і 2019 жылы толықтырған.

Атырау облысы жергілікті бюджет есебінен бюджеттік алымдар беру бойынша 1-орында, ал облысқа берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша 12-орында

Әділ Жұбанов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сай, 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен республикалық бюджетке алымдар беру бойынша Атырау облысы 1-орында тұр, яғни 220 млрд теңге көлемінде қаржы алынған. Ал облысқа берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша 6-орында тұр. Облысқа 57 млрд теңге бөлінген. Трансферт бойынша ең көп 140 млрд теңге Түркістан облысына, 138 млрд Астанаға және 74 млрд Шымкентке бөлінген.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz