Спойлер: көбі ескі дерек екені анықталды
Желтоқсан айының соңында Кремльдің үгіт-насихатын жүргізетін EADaily порталы Қазақстандағы биолабораториялар туралы тағы бір материал жариялады. Белгісіз автор ең атақты фейктерді жинап, оларды бірнеше жаңа мәлімдемелермен толықтырған. Кейбір хабарламалар бір қарағанда бұрын белгісіз болып көрінгенімен, бірақ іс жүзінде манипуляция жасау үшін қолданылған.
Манипуляциялау әрекеті мына жолдардан-ақ байқалады: «АҚШ ЕО Қазақстанда BSL-4 деңгейіндегі құпия биолаборатория ашады». Зертхананың құпия болғаны сонша, ол туралы бәрі біледі, соның ішінде EA Daily де. Ешкім құрылыс жоспарын, сондай-ақ нысанның мақсатын жасырмаған. 2021 жылы АҚШ-тың жобаға еш қатысы жоқ екені айтылды (1, 2). Сондай-ақ BSL-4 құрылысы туралы «Ашық НҚА» платформасында болған және қазір оны архивтен табуға болады. Былтыр бұл құрылысты ілгерілету туралы ешқандай мәлімет таппадық.
Алматыдағы Орталық референс-зертхана да назардан тыс қалмаған. Оның америкалық әскери-биологиялық қарулармен ешқандай байланысы жоқ екенін бірнеше рет жаздық (1, 2, 3).
Мәлімдемелерді талдау
EADaily аноним авторының жазбасында жеке мәлімдемелерге бөліп, көптеген дұрыс емес және тексерілмеген ақпарат бар екенін анықтадық.
Мәлімдеме: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) АҚШ әскери-биологиялық қызметіне қарсы қорғаныс жүйесін жасамақшы.
Үкім: Дәлелденбеген
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында, «АҚШ пен одақтастарының Украина аумағындағы әскери-биологиялық қызметі» талқыланғанына қарамастан, ешқандай ресми құжат немесе қорғаныс жүйесін құру туралы мәлімдеме таппадық.
2023 жылы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер биологиялық қауіпсіздік жөніндегі құжат бекіткен. Құжатта АҚШ қызметі туралы айтылмай, бейтарап қалған.
Мәлімдеме: белгілі бір тәжірибелерден кейін ауру жануарларды бостандыққа жіберіп, ары қарай бақылайды. Ғалымдар аурудың қаншалықты тез таралып, белгілі бір штаммдардың иммунитетке қалай әсер етенінін, аурудың таралу ыықтималдығы қандай екенін қадағалайды.
Үкім: Жалған
Жоғарыдағы мәтінде Алматыдағы Орталық референт-зертхана туралы айтылады. Сонымен қатар зертханадан ауру жануарларды жабайы табиғатқа әдейі шығарғаны туралы ешқандай дәлел жоқ, идеяның өзі қисынсыз, өйткені мұндай әрекеттер қатерлі аурулардың таралып кету қаупін тудырады.
Өздеріңіз білетіндей, ОРЗ үшінші деңгейлі қауіпсіздігі бар нысан, бұл жерде нұсқауларды қатаң сақтау керек. Осындай үлгідегі қазақстандық мекемелер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету ережелері, сондай-ақ қауіпті патогендермен жұмыс істеудің халықаралық нормалары туралы бұйрығына бағынады.
Денсаулық сақтау министрлігі ауру жануарларды табиғатқа әдейі жіберуге тыйым салынғанын түсіндірді. Олармен жұмысты ұйымның режимдік комиссиясы бақылайды.
Жануарларға зертханалық зерттеу жүргізетін мекемелер әртүрлі нормаларды сақтайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету ережелері туралы бұйрығы ауруларды бақылау және Алдын алу орталықтарының (CDC) Biosafety in Microbiological and Biomedical Laboratories (BMBL) 6-шы басылымынан:
- Жануарлармен жұмыс істеп, оларды ұстайтын арнайы үй-жайлар бөлінген, олар оқшаулануы және зиянды заттардың қоршаған ортаға енуіне жол бермейтін қауіпсіздік жүйесімен жабдықталуы тиіс;
- Жануарларға қолжетімділік қатаң шектеулі. Жануарлармен байланыста болған зерттеушілер медициналық бақылауда болады;
- Зерттеуге және жануарларды ұстауға пайдаланылатын барлық жабдықтар мен заттар дезинфекцияланып, зертханада қатаң сақталып, жұмыс аяқталғаннан кейін жойылуы керек.
Осылайша, ауру жануарлар оқшауланған қорапта ұсталады. Жабайы табиғатты айтпағанда, басқа (жұқтырмаған) зертханалық жануарлармен байланысқа түсуіне жол берілмейді.
Мәлімдеме: АҚШ бұрынғы КСРО халықтарының геноцидіне арналған биоқару құратын украин зертханаларын Қазақстанға көшіруге дайын.
Үкім: Дәлелденбеген және Жалған
Дәлелденбегені мынада: біз Украин зертханаларын немесе жекелеген бағдарламаларды Қазақстанға «көшіру» туралы АҚШ мәлімдемесін таппадық.
Жалғаны мынада: Украина аумағындағы зертханаларда жасалған биоқару туралы әңгімеге келетін болсақ, оны сарапшылар қауымдастығы бұрыннан жоққа шығарған (1, 2, 3).
Бір қызығы, басында зертханаларды көшіру туралы айтылады. Бірақ содан кейін басылым өзінің материалына сілтеме жасап, онда зертханаларды ауыстыру тек бағдарлама деп айтылады. Автор «Грузия, Армения, Қазақстан, Өзбекстан және посткеңестік басқа республикаларды «қабылдаушы» елдер деп атаған.
Бұл елдердің бәрі АҚШ-пен «Қауіпті азайту бағдарламасы» бойынша ынтымақтасқан. Оған биологиялық қауіптің төмендеуі де кіреді. Бірлескен жұмыс бірқатар жобаны қамтып, олардың көпшілігі аталған елдерде бірдей немесе ұқсас келеді. Алайда зерттеулер әртүрлі және көбінесе олардың ерекшелігі өткізілетін аймаққа байланысты екенін атап өткен жөн.
Украиналық жобалар АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің сайтында, «Украина үстінен ұшатын құстарды бақылау және EDP бағалаудың» Қазақстанға көшуі қисынсыз болып көрінеді. Сондай-ақ, бірде-бір сенімді дереккөз алдағы «көш» туралы хабарлаған жоқ.
Мәлімдеме: Pfizer биологиялық қару жасаумен айналысады.
Үкім: Жалған
Pfizer биологиялық қару жасаған немесе жасап жатқаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Жалған ақпарат таратқан хабарламаның бастапқы сөзі «биологиялық қару» терминін қате түсіндіру арқылы осындай қорытынды жасаған.
EADaily Pfizer-ге тағылған айыптарды Ресей Федерациясы Кеңесінің вице-спикері Константин Косачевке қатысты мәлімдеген. Алайда, орыс тіліндегі ақпаратқа қарасақ, хабарлама тікелей Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінен шыққан сияқты. Ведомство компанияның бұрынғы қызметкері Карен Кингстонға сілтеме жасай отырып, «Pfizer-дің биоқаруды құруға қатысы бар» деп мәлімдеген.
Өз уақытында Кингстон екпе туралы жалған жаңалықтар алаңында танымал болған. Атап айтқанда, ол Pfizer және Moderna екпелеріндегі графен оксидінің құрамы туралы вирустық фейк таратқан (құрамында ол жоқ). LinkedIn-дегі жеке парақшасында Карен Кингстон Pfizer-де 20 жыл бұрын, 1996 жылдан 1998 жылға дейін жұмыс істегенін хабарлайды. Оның жоғары профильді мәлімдемелерін тексеру кезінде (1, 2) арнайы ақпараты жоқ екендігі анықталды, өйткені ол екпемен жұмыс істеуге қатыспаған.
Биологиялық қарудың дамуының «дәлелі» жағдайында Кингстон АҚШ кодексінен анықтамаға сілтеме жасаған.
АҚШ Кодексінің 178-бабы 10-тарауында биологиялық агент, токсин немесе жеткізу құрылғысы кез-келген микроорганизм, яғни (саңырауқұлақтар, бактериялар, токсиндер және т.б.), жұқпалы заттар, улы материал екендігі көрсетілген.
Осылайша, Кингстон екпенің мРНҚ-сы биологиялық қаруға да жатады деп мәлімдейді. Бірақ егер біз осындай логикаға сүйенсек, онда кез келген екпені «биоқару» деп айтуға болар, өйткені олардың бәрінде әлсіз немесе өлі вирус бар.
Кингстон Кодекске және ДДСҰ мен БҰҰ анықтамаларына сәйкес микроорганизмдерді, токсиндерді және т.б. адамдарға, жануарларға немесе өсімдіктерге зиян келтіру мақсатында әдейі жасалған және таратылған жағдайда ғана биологиялық қару деп санауға болатынын ескермеген. Сондықтан екпенің оларға ешқандай қатысы жоқ.