«АҚШ әуе әскери күштерінің мыңдаған теңіз жаяу әскері Израильге жетті» — видеоны тексереміз

26-27 қазанда желінің орыс тіліндегі сегментінде «АҚШ әуе әскери күштерінің мыңдаған теңіз жаяу әскері Израильге жетті» деген хабарлама тарап кетті. Сондай-ақ олардың ХАМАС қозғалысына қарсы жерүсті операциясына қатысатыны болжанды. Жарияланымдардың бәрінде ұзақтығы бір минуттай болатын видео бар. Онда әскери форма киген сарбаздар қараңғыда ұшақтан түсіп жатыр.

Жаңалықты баспасөз құралдарынан (Московский Комсомолец, Arbat media, informator.ua, СТРАНА.ua, Блокнот, smi24.kz, Zmaps, Мрiя, Новини LIVE), LiveJournal блог платформасынан  (1, 2), арналардан (Око Войны 18+, Правдивости, КРЫСОЛОВКА, Pravda Gerashchenko, ЧВК Вагнер, Украина.ру, Петя Первый, BRIEF, Правдивый Николаев, Armia_Armata, Чекист, Military analytics, Политика Страны, Мир вам – Shalom, Моя Одесса, Владимир Горбовский, Z-PolitWera, Война История Оружие, СТРЕЛА, АКУЛА, Сербский Дивергент, Главред – Телеграм новости Украины, NewsFrol, Военное обозрение және т.б.), Tik-Tok (1, 2, 3, 4, 5), Instagram, Youtube (1, 2),  X және ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көруге болады.

Видеоны тексермес бұрын тақырыптағы қарама-қайшылыққа тоқтала кеткен жөн: теңіз жаяу әскері әуе әскери күштеріне емес, әскери теңіз күштеріне жатады. Жаңалықты таратқан біз тексерген дереккөздердің бәрі қате жіберген.

Енді видеода расымен Израильге жеткен америкалық әскерилердің бейнеленген-бейнеленбегенін тексеріп көрейік.

Үкім: Жалған

Видео жалған контекстпен тараған. Ролик бір жылдан астам уақыт бұрын, 2022 жылғы маусымның аяғында басқа локацияда (1, 2) түсірілген. Онда АҚШ-тың 101-әуе десантты дивизиясы  НАТО шығыс флангын нығайту бойынша жаттығуларға қатысу үшін Румыниядағы Михаил Когэлничанум әуе базасына жеткен.

Қазіргі АҚШ пен НАТО ресми өкілдерінен Израиль мен палестинаның әскери шиеленісіне араласқаны туралы хабарлама шыққан жоқ.

Алғашқы дереккөз ретінде көбі «израильдің Telegram-арналарына» сілтеме жасап, олардың нақты атын атамайды. Роликтердің көбінде «Левиатан.Израильские новости» Telegram-арнасының белгісін көруге болады, алайда каналдың өзінде видеоны тексерген сәтте жазба табылған жоқ. Интернет архивтерден де табу мүмкін болмады.

Жалған контексті бар видеоны таратуға ақпараттық себеп АҚШ Қорғаныс министрлігінің 26 қазан күні 900-ге жуық америкалық әскери қызметкерді АҚШ күштерін нығайту және қорғау үшін АҚШ орталық басқару операцияларының аумағына жіберетіні туралы хабарлама болғанға ұқсайды. Пентагон баспасөз хатшысы, әуе әскери күштерінің бригада генералы Пэт Рейдер әскерилер Израильге бара жатпағанын атап өтті.  

Рейдердің сөзінше, 17-26 қазанда АҚШ күштері мен коалициялар біржақт әрекет ету зымырандары мен шабуыл дрондары арқылы Иракта кемінде 12 рет және Сирияда төрт рет шабуылға ұшыраған. АҚШ қорғаныс министрлігінің дерегінше, бұл топтар Иранмен байланысты.

Контекст

7 қазанда палестиналық ХАМАС әскери қозғалыс Израильге қарсы «Буря Аль-Аксы» әскери операциясының басталғанын хабарлады. Оған жауап ретінде Израиль «Темір қылыш» контртеррористік операциясын бастап, Газа секторына әуеден шабуыл жасады. Газа денсаулық министрлігінің 28 қазандағы дерегінше, қаза тапқандар саны 7,3 мың адамға жетіп, 18 мыңнан астам адам зардап шекті. Израильде қаза тапқандар саны 1,4 мыңға жетіп, 5 мыңнан астам адам жарақат алған.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz