31 арнаның биозертхана туралы сюжеті жалған ақпарат тарату үшін қолданылып жүр

2023 жылғы желтоқсанның аяғында мессенджерлерде 31 арнаның Алматыдағы Орталық референс-зертхана (ОРЗ) құрылысы туралы ескі сюжетінің фрагменті тағы тарады. Видео сипаттамасында «АҚШ-тың өзінде мұндай зертхана жоқ» және «Қытай коронавирус осындай зертханалардан тарады деп ойлайды» деп жазылған.

@leontiy1979

♬ оригинальный звук – leontiy1979

Видеоның түпнұсқасын @leontiy1979 деген қолданушы TikTok платформасына 2021 жылы салыпты. Ал 31 арна сюжеті 10 жыл бұрын — 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған. Онда ОРЗ құрылысы туралы айтылған.

Алайда журналистердің «халықаралық дау», «Пентагон зертханасы», «қалаға төнген қауіп», «биологиялық қару» секілді тіркестерді қолдануы видеоны жалған ақпарат үшін таптырмас құрал етті. Содан бері ол желіде «жуырда шыққан жаңалық» ретінде немесе биозертханалар туралы жалған нарративтерді тарату үшін қолданылып келеді.

Мысалы, видео мессенджерлерде 2022 жылғы желтоқсанда үш минуттық нұсқада тараған. Онда ешбір сипаттама болмағанына қарамастан, интернет-тұтынушылардың үрейленуіне сюжеттің өзі жеткілікті еді.

Екі жылдан соң сюжет желіде тағы тарап, екі түрлі күмәнді мәліметпен бірге жүрді.

«АҚШ-та ондай зертханалар жоқ»

Бұл сұраққа жауап беру үшін Орталық референс-зертхананың не екеніне тоқталайық.

Қысқаша: ОРЗ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы базасында жұмыс істейді. ОРЗ құрылысын АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырған соң, оны көбі қателесіп «Пентагон зертханасы» деп атайды. Алайда зертхана АҚШ-қа тиесілі емес және Қазақстан үкіметінің меншігі саналады.

Бұл орталықта биоқару жасалғанына дәлел жоқ. Оның негізгі мақсаты — аса қауіпті инфекцияларды бақылаудың технологиялық және әдістемелік мүмкіндігін арттыру және Қазақстандағы жаппай эпидемиялардың алдын алу үшін зерттеулер жүргізу. Кешенде биоқауіпсіздіктің 2 және 3-деңгейлі зертханалары бар. Биоқауіпсіздіктің қандай деңгейлері болатыны туралы мына жерден оқуға болады. ОРЗ туралы мына жерлерде толығырақ жазған едік.

АҚШ-та аса қауіпті инфекциялардың алдын алумен, бақылаумен және зерттеумен айналысатын зертханалар бар ма? АҚШ-та әлем бойынша қауіпсіздіктің 3-деңгейіндегі зертханалар саны ең көп: 2022 жылы олардың саны 148 болған. Сондай-ақ АҚШ-та BSL-3+ және BSL-4 қауіпсіздік деңгейіндегі біршама зерттеу орталығы бар.

«Қытай коронавирус осындай зертханалардан шықты дейді»

Бұл тұжырым 2021 жылдың ортасында Қытай коронавирустың Форт-Детриктегі америкалық ғылыми база зертханасынан шықты деген күмәнға негізделген сияқты. Хабарлама авторы бұдан бұрын «мұндай зертханалардың АҚШ-та жоқ екенін» айтқанын ескерсек, бұл ой логикаға сай келмейді.

Қытайдың күмәнінің негізі бар ма? Бүгінгі таңдағы деректерге қарасақ, жоқ.

  1. Форт-Детрик зертханасы туралы хабарлама Уханьдағы институттың COVID-19 тарауына қатысы бар деген күмәнға жауап ретінде пайда болған. Factcheck.kz редакциясы «Ухань теориясы» фрагменттерінің бірін талдаған еді. Вирустың қалай пайда болғаны туралы Қытай зерттеу орталығындағы тақырыптың таймлайны туралы мына жерден оқуға болады.
  2. Қатты ақпараттық толқынға қарамастан («Форт-Детрик нұсқасын» шенеуніктер де, БАҚ пен әлеуметтік желілер де айтты), пандемияның америкалық тамыры туралы теория әлемде кең тарады. Қытай тарапының дәлелдері әлсіз болып, вирустың тарауымен жанама болсын байланыстыру қиын ғылыми базаның жұмысындағы «күдікті жағдайларға» ғана негізделді.
  3. Қытай тарапы өз нұсқасында өмірде жоқ швейцариялық ғалым Уилсон Эдвардсқа сілтеме жасаған. BBC журналистері Эдвардстің «Қытайды әділетсіз кінәлау» туралы жазбасын Малайзия, Индонезия және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да мемлектетеріндегі аккаунттар тобы тараптқан. Форт-Детрик туралы нарративті де осы аккаунттар салған.

Біз тексерген тұжырымдар ОРЗ-дан да вирус тарауы мүмкін деген ойға саяды. Мұндай мәлімдеме спекуляцияға жатады, сондықтан оны тексеру мүмкін емес. Бүгінгі таңда мұндай зертханалардан вирус тараған жағдай тіркелген жоқ.

Теориялық тұрғыда алсақ, вирустың тарауы биозертханалар жұмысында болуы мүмкін қауіптердің бірі. Тарихта мұндай жағдайлардың болғаны да белгілі. Алайда бұл биозертханаларды жабу емес, биоқауіпсіздік стандарттарын сақтау туралы мәселеге келіп тіреледі. Эпидемиямен күресте және алдын алуда мұндай орталықтар маңызды рөл ойнайды.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz