Қызылорда облысында 59℃ градуc ыстық болғаны рас па?

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде, әсіресе WhatsApp-та Қызылорда облысы, Бұқарбай батыр ауылында ауа-райы 59℃ градусқа жетіп, жолдағы шайырдың (смола) еріп жатқан видеосы тарап жатыр. Видеодағы мәтінде 16 шілдеде болған деп жазылған. Fatcheck.kz сайты бұл ақпаратты тексеріп көруді жөн санады.

Қызылорда облысы, Бұқарбай батыр ауылында 16 шілдеде ауа-райы 59℃ градусқа жетті.

Вилео-таралма

Үкім: Фейк

Қазгидромедтің мәліметінше, ай сайынғы болжамға сай, Қызылорда облысында шілде айында 46°С-қа дейін ыстық болады деп болжанған. Ал 16 күні ау температурасы 44°С-қа дейін ысыған. Өзге де серфитстердің ешқайсысынан бұдан жоғары тіркелген деректі таппадық.

Қазгидромед Бұқарбай батыр ауылында метеостанцияның жоқ екенін ескерте отырып, оған ең жақын деген Қазалы, Аққұм және Қарақтағы станциялардың мәліметтерін берді. Осы 3 станциядағы ең жоғарғы температура 44°С-қа жеткен.

Сонымен қатар, Гиннестің рекордтар кітабында әлемде ең ыстық 56,7°С температура 1913 жылы 10 шілдеде АҚШ-тың Өлім аңғарында (Death Valley) аймағында тіркелген. Егер Бұқарбай батыр ауылында 59°С тіркелсе бұл жаңа рекорд орнады деген сөз, алайда бұған қатысты рекордтарды тіркеу кітабында ешқандай жаңа рекорд тіркелмеген

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz