Тұрмыстағы зорлық-зомбылық: сандар не дейді?

Қазақстандағы маңызды мәселелердің бірі тұрмыстағы зорлық-зомбылық болып қала береді. Human Rights Watch ұйымының жазуынша, елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге жеткілікті дәрежеде қорғау мен сот төрелігіне қол жеткізу қамтамасыз етілмейді. Ал COVID-19 пандемиясы әйелдерге қатысты үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюіне әкелді. 13 елде жүргізілген сауалнама нәтижесіне сай, әрбір екінші әйел өзі не жақын танысы отбасы мүшелерінің зорлық-зомбылығына тап болғанын хабарлаған. Бұл жағдай Қазақстанды да айналып өтпеді.

Бүгін сіздерге тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты негізгі деректерді жинап көрсетуді жөн көрдік.

Үйде зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, төмендегі контактілерге хабарласыңыз:

  • Полицияға (102 нөміріне) хабарласыңыз. Келген учаскелік полиция қызметкері шұғыл әрекет етіп, әйелдің өтініші бойынша қорғаныс нұсқамасын жаза алады;
  • Жедел жәрдемге (103 нөміріне) хабарласыңыз. Сізге біреу қол көтерсе, медициналық көмекке жүгініңіз, мұндай жағдайда жедел жәрдем бригадасы да полицияға қоңырау шалады;
  • Әйелдер тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қорғауға мамандандырылған дағдарыс орталықтарына жүгіне алады. Олардың контактілерін табу үшін іздеу жүйесінде қаланың атауын жазыңыз, кілт сөздерді қолданыңыз. Мысалы, “дағдарыс орталығы”, “тұрмыстағы зорлық-зомбылық”, “Алматы” және т.б.

Ақпарат Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын “Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығы туралы қазақстандық аудиторияның хабардарлығын арттыру” жобасы аясында дайындалды.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz