DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбіне 2022 жылдың маңызды оқиғасы — қаңтар қырғыны

2022 жылы қазақстандықтар үшін ең маңызды оқиға — Қаңтар қырғыны, азық-түлік бағасының күрт өсуі, Украинадағы соғыс пен Қазақстандағы президент сайлауы. Бұл туралы Demoscope мәлімдеді.

2022 жылғы 8-18 желтоқсан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы азаматтар арасында «2022 жылдың ең маңызды оқиғалары» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған еліміздің түрлі қаласынан 18 жастан асқан 1 100 адам қатысты.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбіне 2022 жылдың маңызды оқиғасы — қаңтар қырғыны
Инфографика: DEMOSCOPE

Сауалнама дерегіне сай, респонденттің 54%-і Қаңтар қырғынын 2022 жылдың ең маңызды оқиғасы санаған. 41% азамат азық-түлік өнімдері бағасының бұрын-соңды болмаған өсімін атаған. Респонденттердің 40%-іне Украинадағы соғыс айтарлықтай әсер еткен. 39%-і үшін Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауы аса маңызды оқиға болған.

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбіне 2022 жылдың маңызды оқиғасы — қаңтар қырғыны
Инфографика: DEMOSCOPE

Респонденттің жартысына жуығы (45%) өзінің 2022 жылдағы өмір сапасы бұрынғы дәрежеде болғанын мәлімдеген. Дегенмен қазақстандықтың үштен бірі өткен жылмен салыстырғанда өмір сапасы төмендегенін айтқан. Зерттеу бойынша, өткен жылмен салыстырғанда 25% азамат нашар, ал 6%-і айтарлықтай нашар өмір сүре бастаған. 

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбіне 2022 жылдың маңызды оқиғасы — қаңтар қырғыны
Инфографика: DEMOSCOPE
DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбіне 2022 жылдың маңызды оқиғасы — қаңтар қырғыны
Инфографика: DEMOSCOPE

Бір қызығы, қазақстандықтың көбі (64%), 2023 жыл 2022-ге қарағанда жақсы болады деп үміттенеді. 21% азамат керісінше, жаңа жыл қиындау болады деген пікірде. Ал 15%-і келер жылдың өткен жылдан айырмашылығы болмайды деп сенеді. 

Сонымен қатар респонденттің басым бөлігі 2023 жылы елімізде экономикалық оң өзгеріс болатынына, геосаяси дағдарыстың бәсеңдейтініне үміттенеді. Сауалнамаға қатысқанның 60%-і ең әуелі қажет тауар бағаларының төмендеуін күтетінін айтқан. 34%-і келер жылы осал азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру шараларын арттыру қажет деп есептейді. Оған қоса респонденттердің 38%-і ұлттық валюта – теңге нығаяды деп сенеді. 

DEMOSCOPE: Қазақстандықтың көбіне 2022 жылдың маңызды оқиғасы — қаңтар қырғыны
Инфографика: DEMOSCOPE

DEMOSCOPE бюросы зерттеу нәтижесіне сүйеніп, Қазақстан қоғамына Қаңтар қырғыны, Украинадағы соғыс және содан кейінгі экономикалық дағдарыс пен инфляция ауыр соққы болғанын айтады.

Азаматтар мұндай оқиғаларға дайын болмағаны анық. Дегенмен азаматтың басым бөлігі үмітін үзбей, болашаққа сенеді.

DEMOSCOPE
Factcheck.kz