“Астана” алаңында ұсталған әйел тамырын кесіп жіберген

10 маусым күні Алматыдағы “Астана” алаңында сайлау қорытындысына қарсы шыққандарды ұстап, полиция әкетіп жатқанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Қазіргі уақытта шамамен 50-ге жуық адам ұсталған. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.

Журналистердің деректерінше, полиция ұстап, көлікке отырғызған әйел тамырын кесіп жіберген. Қазір азаматшаға дәрігерлер көмек көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, кеше астана мен Алматыда сайлауға байкот жариялаған азаматтар билікке қарсылығын білдірген, ІІМ мәлімдемесіне сенсек, 9 маусым күні 500 адам ұсталған болатын.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz