Жалған | Италия тұрғындары көшеге ақша шашып жатыр

Коронавирус уақытында әлемде жалған ақпарат Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде жарық жылдамдығымен тарап жатыр. Оқырмандар сұрауымен желіде тараған кезекті хабарламаның рас-өтірігін анықтадық. Тарап жатқан кезекті суретте ақша шашылып жатқан көше мен мынадай жазба бар:

«Италия тұрғындары ақшаларын өлімнен құтқармайды деп, көшедегі жолдарға шашып жатыр. Егер сіз бай болсаңыз, мұны мұқтаж адамдарға қызмет етуге және көмектесуге жұмсаңыз. Адамзат үшін сабақ болары сөзсіз.

Желідегі жазба
Жалған | Италия тұрғындары көшеге ақша шашып жатыр
Желідегі сурет

Үкім: Жалған

Суреттің Италияға еш қатысы жоқ. Ол 2019 жылдың 11 наурызында Венесуэлада түсірілген. Бір топ ер азамат Мерида қаласының ең ескі банктердің бірін тонап, гепиринфляцияның салдарынан құнын жоғалтқан боливарды өртеп, көшеге лақтырған.

2019 жылдың наурызында Венесуэлада экономикалық кризис орнап, салдарынан банктер, дүкендер мен сауда орталықтарының тоналуы жиеленген. Жергілікті БАҚ, шашылған ақшалардың көбісі жарамдылығы жоғалтқан құны жоқ купюралар екенін айтады.

Суреттің қалай түпнұсқа екенін аңғаруға болатынын білгіңіз келсе, біздің төмендегі материалды оқуға кеңес береміз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz