Дуров: Facebook ақауынан соң Telegram-ға 70 млн қолданушы тіркелді

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров 70 миллионнан астам жаңа пайдаланушы мессенджерге тіркелгенін айтты. Жаңа қолданушылар Facebook, Instagram және WhatsApp желісінде техникалық ақау болған кезде тіркелген. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Дуровтың айтуынша, Солтүстік және Оңтүстік Америкада миллиондаған пайдаланушы бір уақытта мессенджерге тіркелуге тырысты. Салдарынан Telegram желісінің жұмысы баяулаған.

Дүйсенбіде Facebook компаниясына тиесілі Instagram, WhatsApp және басқа да қосымшалар шамамен 7 сағатқа қолданушыларға қол жетімді болмады.

Инженерлер Facebook желісінің маршрутизатор конфигурациясында өзгеріс енгізу дұрыс жасалмағасын техникалық ақауға ұшырағанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz